Тақырыпқа танымдық қызығушылықты, оқушының белсенділігін ояту
Сабақ туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
Шымкент қаласы, №70 С. Бекбосынов атындағы жалпы орта мектебі
Пән мұғалімі
Химия пәні мұғалімі: Асанова Асемкүл Үжетовна
Сабақ тақырыбы
Азот
Сабақ түрі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың өту әдісі
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Периодтық жүйедегі азоттың орнына сүйене отырып, оны V топ элементі ретінде сипаттау.
- Оқушыларды азоттың физикалық және химиялық қасиеттерімен таныстыру.
Дамытушылық
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы оқушыларды өзіндік жұмысқа дағдыландыру.
- Сараптау, салыстыру қабілеттерін дамыту.
- Өзін-өзі бақылау және талдау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
- Дәстүрлі емес оқыту әдістері арқылы химияға танымдық қызығушылық қалыптастыру.
- Ізгі тәрбие беру, жауапкершілік пен ынтымақтастыққа баулу.
Көрнекіліктер
Сабақ жоспары (3 кезең)
I кезең: Қызығушылықты ояту
Тақырыпқа танымдық қызығушылықты арттыру, оқушы белсенділігін ояту.
- Танымдық сұрақтар
- «Кім білімпаз?»
II кезең: Мағынаны ашу
Жаңа ақпаратпен танысу және түсіндіру.
- Азоттың табиғатта таралуы, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері
- Азоттың қолданылуы және биологиялық рөлі
III кезең: Ой толғау
Сабақты бекіту, қорытындылау және рефлексия.
- Семантикалық карта
- «Аудармашы»
- Сәйкестендіру тесті
- Кубизм әдісі
Сабақ барысы (уақыт бөлінісі)
- 1 Ұйымдастыру кезеңі — 2 минут
- 2 Үй тапсырмасын сұрау, өткен тақырыптарға шолу — 9 минут
- 3 Сабақтың теориялық бөлімі — 20 минут
- 4 Сабақтың практикалық бөлімі — 5 минут
- 5 Сабақты бекіту — 7 минут
- 6 Бағалау және үй тапсырмасын беру — 2 минут
I кезең: Қызығушылықты ояту
Танымдық сұрақтар
- 1. «Көп» сөзінің антониміне «тілсіз жау» тіркесін қоссаң, көз алдыңда өзгеріп, қажетті тыңайтқышқа айналамын.
- 2. Кремний оксиді табиғатта қандай түрлерде кездеседі?
- 3. VI A топшасының элементтерін атаңдар.
«Кім білімпаз?»
- 1. Азот атомының электрондық конфигурациясын жаз.
- 2. Азот топшасына кіретін элементтер саны қанша?
- 3. Азот қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
- 4. Құрамында азот бар маңызды қосылыстарды атаңдар.
- 5. Азоттың бес валентті оксидінде азот қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?
- 6. Азот топшасы орналасқан топ нөмірі қандай?
- 7. Азоттың сутекті қосылысының атауы қандай?
- 8. Азот элементінің атомдық массасы қанша?
II кезең: Мағынаны ашу
Азоттың табиғатта таралуы
- Адам ағзасында — 3,1% (ақуыздар, дәрумендер, гормондар құрамында).
- Өсімдіктерде — ион түрінде кездеседі.
- Топырақта — 0,01–0,04%.
Азот — өмір элементі.
Тарихи дерек
Азотты 1772 жылы ағылшын химигі Д. Резерфорд ашқан.
Келесі бөлімдерде азоттың алынуы, физикалық-химиялық қасиеттері, қолданылуы және биологиялық рөлі қарастырылады.