Әсем - Айдың арулары 2014 байқауына қош келдіңіздер
Тақырыбы
«Әсем — Айдың арулары 2014»
Мақсаты
Қазақ қызы деген атқа лайық — ойы әсем, тәні әсем, ісі әсем болып қалыптасуына баулу. Адамгершілік пен сабырлылық сынды асыл қасиеттерді бойына жинаған аяулы аналарымыздың өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеуіне ықпал ету.
Көрнекіліктер
- Үнтаспа
- Нақыл сөздер
- Сұрақ салынған киіз үй
Ұйымдастыру бөлімі
Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар! «Әсем — Айдың арулары 2014» байқауына қош келдіңіздер.
Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма,
Борышты оған небір дархан, дана да.
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,
Ей, адамдар, жол беріңдер анаға!
Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. «Қызыл гүл», «қарақат көз», «қиғаш қас», «алма мойын» — мұның бәрі әсем қыздарымызға арналған теңеулер.
Ендеше, байқауға қатысатын қыздарды аналарының қасында ортаға шақырайық. Байқауға 6 сайыскер қатысады.
Сайыскерлерді әділ бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін: ................................
Байқау құрылымы: 6 бөлім
1-бөлім. Таныстыру
ӨлеңШарты: Әр топ өздерін өлең шумақтарымен таныстырады.
Бірақ ұшқыр қиялыммен жасымнан,
Бар әлемнің биін билеп келемін.
Тынбай соққан даланың бір жүрегін,
Бетке алады тағдыры ортақ би елін.
Ендігі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
2-бөлім. Би сайысы
Ана + қызШарты: Үнді немесе шығыс биі. Анасы мен қызы бірге орындайды.
Музыкалық нөмір
Әділ қазылар шешімін шығарғанша, ортада «Қонжық» тобының тәрбиеленушісі Мұрат Жантөренің орындауында «Анашым» әні.
3-бөлім. Ән айту сайысы
Дуэт
Сөз керек — ару, әйел, ананың сұлулығын айтып жеткізуге.
Сөз керек — дүниенің алтын діңгегі Ана екенін әйгілеуге.
Сөз керек — анаға деген махаббат пен құрметті тіл ұшына үйіруге.
Сөз керек — жылына бір рет болса да, ана мен әйелдің көкіректі кернеген сезімін, көңіл күйін білдіруге.
Шарты: Анасы мен қызы бірігіп, қосылып орындайды.
4-бөлім. Білім және дәстүр
БилетШарты: Билетте 3 сұрақ болады. 1-сұраққа кішкентай арулар жауап береді, қалған 2 сұраққа аналар жауап береді.
Арулар — аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар — тіршілікке күретамыр,
Өмірді бір-бірімен жалғап тұрар.
5-бөлім. Мәнерлеп оқу
ӨлеңШарты: Мәнерлеп өлең оқылады. Бастапқы 2 шумақты әдемі арулар оқиды, келесі 2 шумақпен аналар аяқтайды.
6-бөлім. «Ас — адамның арқауы»
ТәжірибеШарты: Ас үйде бірігіп дайындаған салаттарын таныстырып, жасалу жолын түсіндіреді.
Марапаттау
Жеңімпаздарға арнайы дайындалған номинациялар мен грамоталар табысталады, аналарға сыйлықтар беріледі.
Қорытынды
Өмірде ана — бұлақ, ана — пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Осы сөздермен мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!