Тәуелдік жалғауын пысықтау

Аралас сабақ жоспары

Тәуелдік жалғауын пысықтау және «Қазақстанның табиғаты» тақырыбы

Бұл сабақта тәуелдік жалғауы бойынша білім бекітіліп, Қазақстан табиғаты туралы мәтін арқылы оқушылардың сөздік қоры мен байланыстырып сөйлеу дағдылары дамытылады. Жұмыс түрлері түсіндіру, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, ойын және тест арқылы жүйеленеді.

Білімдік

Тәуелдік жалғауы туралы түсініктерді пысықтау, «Қазақстанның табиғаты» тақырыбы бойынша білімді толықтыру.

Дамытушылық

Сөздерді тәуелдеу арқылы логикалық ойлауды, есте сақтауды, сөздік қорды және ауызекі сөйлеуді дамыту; шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік

Туған жерге сүйіспеншілікті арттыру, Отанды қорғауға және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті ресурстар

  • 1 Қазақстан Республикасының картасы
  • 2 Оқулық, сөздік
  • 3 Тірек сызбалар, кестелер
  • 4 Тест тапсырмалары, кеспелер

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, тексеру, сын тұрғысынан ойлау элементтері, ойын, ізденіс, кесте бойынша жұмыс.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Кезекшімен қысқаша сұхбат.
  • Оқушылардың бір-біріне жылы тілек айтуы (мысалы: «Денсаулық, жақсы көңіл күй, сәттілік тілеймін»).

II. Өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап)

Тәуелдік жалғау дегеніміз не?

Тәуелдік жалғаудың неше түрі бар?

Тәуелдік жалғаудың неше жағы бар?

Сенің туған жерің қандай?

Қазақстанның жері қандай?

Қазақстан қандай мемлекет?

III. Жаңа сабақты түсіндіру

A) Мәтінмен жұмыс: «Қазақстанның табиғаты»

Мәтінді оқу, аудару, сұрақ құрастыру және мазмұн бойынша пікірлесу.

Ә) Грамматика: тәуелдік жалғауын пысықтау

Қосымшаларды анықтау, жақ-санын ажырату, үлгі бойынша тәуелдеу.

Мәтін: Қазақстанның табиғаты

Республика жері өте кең болғандықтан, оның оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысындағы табиғаты бір-біріне ұқсай бермейді. Оңтүстікте жемістер гүлдеп, жер бетін астық жапқанда, солтүстікте әлі қар жатады.

Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім, алма, қарбыз, қауын, әртүрлі дәрілік шөптер және көптеген өсімдіктер өсіріледі. Бұл аймақта жаңбыр өте аз жауады. Жазы ыстық әрі құрғақ келеді. Оның үстіне бұл дақылдардың көбі суды көп қажет етеді. Іле, Шу, Сырдария өзендерінің мол суы — осы өңірдің байлығы.

Республиканың солтүстігінде астық пен көкөніс жақсы өседі. Бұл өсімдіктерге су онша көп қажет емес. Мұнда күн қатты ыстық болмайды, жаңбыр да жиірек жауады.

Табиғатты сүюіміз керек. Табиғат — шалғын шөп, орман, өзен, көл, тау. Олардың бәрін қорғау — ортақ міндет. Табиғатты сақтауға әрқайсымыз өз үлесімізді қосамыз. Табиғат — асыл қазына.

Мәтінмен жұмыс алгоритмі

  1. 1 Оқытушының мәнерлеп оқуы.
  2. 2 Оқушылардың тізбектей оқуы.
  3. 3 Мәтінді аудару.
  4. 4 Жұппен жұмыс: мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

Тәуелдік жалғауын бекіту сұрақтары

  • Қазақ тілінде неше жалғау бар?
  • Тәуелдік жалғауының қосымшалары қандай?
  • Мәтіннен тәуелденген сөздерді теріп жазып, жалғауын, жағын, жекеше/көпше түрін анықта.

Үлгі талдау

жері: — тәуелдік жалғауының III жағы, жекеше.

үлесімізді: -іміз — тәуелдік жалғауының I жағы, көпше.

Тәуелдеу кестесі (үлгі)

Жақ Жекеше Көпше
I Менің табиғат-ым Біздің табиғат-ымыз
II Сенің табиғат-ың Сендердің табиғаттар-ың
II (сыпайы) Сіздің табиғат-ыңыз Сіздердің табиғаттар-ыңыз
III Оның табиғат Олардың табиғаттар

Тапсырма: табиғат, байлық, жер, орман, көл, өзен сөздерін тәуелдеп, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырыңдар.

«Кім жылдам?» ойыны

Мақсаты: сөз құрамына талдау жасап, тәуелдік жалғауларын белгілеу

таулары өзен-көлдері аудандары қант қызылшасы көкөнісіміз өзендерінің оңтүстігі жерінің жемістері аймағымыз өсімдіктері

Үлгі

көкөнісіміз: түбірі — көкөніс, -іміз — тәуелдік жалғауының I жағы, көпше.

Кеспелермен жұмыс

№1 кеспе

Төмендегі сөздерді тәуелде: қазына, шөп, жеміс, жер.

№2 кеспе

Тәуелдеулі зат есімді тауып, астын сыз және тәуелдік жалғауын белгіле:

Серуендеген жерімізді ластамай, таза сақтауымыз қажет. Осылайша біз де елімізге өз үлесімізді қосуымыз қажет.

№3 кеспе

Тәуелдеулі зат есімді тауып, астын сыз және тәуелдік жалғауын белгіле:

Менің өз елім, жерім бар. Қазақстанның табиғаты алуан түрлі.

№4 кеспе

Тәуелдеулі зат есімді тауып, астын сыз және тәуелдік жалғауын белгіле:

Менің Отаным кең-байтақ. Елімнің табиғаты өте бай.

Бекіту

Тақтамен жұмыс

Сызбаны толтыру, мысалдарды талдау.

Тест тапсырмалары

Жалғауларды ажырату және септік/тәуелдік/көптік формаларын тану.

Тест сұрақтары

Жауап нұсқаларын таңдап белгіле.

  1. 1) Септік жалғаудың неше түрі бар?

    а) 5   ә) 2   б) 4   в) 7   г) 6

  2. 2) Қай жалғаудың III жағында жалғауы жоқ?

    а) тәуелдік   ә) септік   б) көптік   в) жіктік   г) көмектес септік

  3. 3) «Оқулығым», «ұстазың» сөздеріне қандай жалғау жалғанған?

    а) тәуелдік   ә) септік   б) көптік   в) жіктік   г) жіктік жалғаудың II жағы

  4. 4) «Колледждер», «балалар» сөздеріне қандай жалғау жалғанған?

    а) септік   ә) көптік   б) тәуелдік   в) жіктік

  5. 5) Септік жалғауы жалғанған сөздерді көрсет:

    а) дәптерім, қаламым   ә) ұстазға, оқушыны   б) Қазақстанның, мемлекетім   в) заңгермін, рәміз

  6. 6) Жалғауы бар сөзді тап:

    а) Отанның   ә) ту   б) елтаңба   в) рәміз

  7. 7) Шығыс септік қандай сұраққа жауап береді?

    а) қандай?, қай?   ә) қанша?, неше?   б) кіммен?, немен?   в) кімнен?, неден?

  8. 8) «-ымыз/-іміз» жалғаулары қай жалғаудың қай жағына жатады?

    а) тәуелдік жалғауының I жағы   ә) септік жалғауы   б) жіктік жалғауы (көпше, III жағы)   в) тәуелдік жалғауы (көпше, I жағы)

  9. 9) «Мұғалім» сөзіне көптік жалғауын жалға:

    а) -дер   ә) -ым   б) -ға   в) -мен

  10. 10) «Қазақстанмен», «мемлекетпен» сөздеріне қандай септік жалғауы жалғанған?

    а) барыс   ә) көмектес   б) жатыс   в) шығыс

Қорытындылау (сұрақ-жауап)

Тәуелдік жалғаулары туралы не білдіңдер?

Тәуелдік жалғауының қандай түрлері бар?

Қазақстанның табиғаты мен даласы қандай?

Венн диаграммасы арқылы оңтүстік пен солтүстіктің табиғатын салыстыр.

Үй жұмысы

  • Қазақстан табиғаты туралы қосымша материал қарастыру.
  • Сабақта берілген мәтін бойынша дайындалып келу.
  • Табиғат туралы екі шумақ өлең жаттау.