Жәутіков ғылым жолында
Қызылорда қаласы • М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж
Математика пәнінің оқытушысы: Жұмағұлова Гүлназ Абдуллақызы
Тақырыбы
Тума талант — тұғырлы ғалым
Мақсаты
Оқушыларды физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Орынбек Ахметбекұлы Жәутіковтің өмірі мен ғылым жолындағы еңбектерімен таныстыру; математика ғылымына қосқан үлесі туралы мағлұмат беру; болашақ математиктердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
Түрі
Сұхбат
Кіріспе: жаңа оқу жылы және кәсіби құзыреттілік
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті оқытушылар!
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, баянды елдің болашақтары — жас математиктер, жаңашылдыққа жаны құмар жастар!
1-жүргізуші: Ұлы Гейне «Әр кезеңнің өз міндеттері бар» дегендей, әр оқу жылы жарқын істермен, жаңа идеялармен, тың дүниелермен басталады. Ұстаздықты ұлық тұтып, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын оқытушы да, білімді өмірінің мақсаты еткен оқушы да әрбір оқу жылынан мол жаңалық күтеді.
Колледж жұмысының негізгі бағыты
2-жүргізуші: Оқу орнымыздың жаңа оқу жылындағы жұмыс тақырыбы — ҚР білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы талаптарына сай білім сапасын дамыту арқылы кәсіби құзыретті мамандар даярлау деңгейін арттыру.
«Кәсіби құзыретті маман» кім?
1-жүргізуші: Кәсіби құзыретті маман — өзіндік құзыреттілігі жоғары, өз мамандығының шебері, яғни жан-жақты даярланған тұлға. Сондықтан түрлі құзыреттерді бойымызға сіңіру — біздің міндетіміз. Кәсіби құзыретті маман болудың алғышарты — тұлға болып қалыптасу. Ал тұлға болу үшін жоғары жетістіктерге ұмтылып, функционалды дамып, қазіргі қоғамға қажетті бола білуіміз керек.
Негізгі бөлім: Орынбек Жәутіков тұлғасы
2-жүргізуші: Осы мақсатта жас математиктерге ашқан жаңалықтарымен әлемге танымал болған айтулы тұлғалардың бірі — математик Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков туралы жан-жақты мағлұмат ұсынуды жөн көрдік.
1-жүргізуші: «Математика танк жүргізушіге қажетсіз болғанымен, танк жасауға қатысатын ғылым», — деген математика ғылымдарының докторы, профессор, академик Серікбай Айсағалиевтің ойы Жәутіков еңбегінің қоғам мен ғылым дамуына ықпалын айқын көрсетеді.
Сөз кезегі: студенттер баяндамалары
Жәнәбілова Үмітай (БМ-Л-09)
Тақырыбы: «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға»
1-жүргізуші: «Математика — адам үшін, адам — математика үшін жаралған». Жәутіковті мен «математика үшін жаралған» дер едім. Ол — ғылым жолында табандылық танытқан тұлға.
Сөз кезегі М-Л-10 тобының студенті Бұлдырықова Балғынға беріледі.
2-жүргізуші: Рене Декарт «Жақсы кітап оқу — өткен ғасырдағы кемеңгерлермен ауызба-ауыз сөйлескенмен тең: олар өздерінің ең озық ақыл-ойын алдымызға жайып салады» деген. Ендеше, Жәутіков жазған кітаптар жайында М-Л-10 тобының студенті Сералиева Райхан тарқатады.
2-жүргізуші: Дарынды математик Орынбек Жәутіковтің атымен аталатын дарынды балаларға арналған физика-математика мектебі бар екені баршамызға мәлім. Осы мектеп туралы зерттеуін ұсынып, ойымен бөлісу үшін Қоңырбаева Айбануды шақырамыз.
Жиенқожаева Құралай
Тақырыбы: «О. Жәутіков атындағы олимпиадалар»
Қорытынды: математикаға сүйіспеншілік
2-жүргізуші: Құрметті оқушылар! Бүгін сіздер физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Орынбек Ахметбекұлы Жәутіковтің өмірі мен ғылым жолындағы еңбектері туралы жеткілікті мағлұмат алдыңыздар деп сенеміз.
1-жүргізуші: «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретіндіктен математиканы оқу керек», — деген М.В. Ломоносов сөзі әрқайсымызға бағдар болсын.
2-жүргізуші: Қош сау болыңыздар!