Көкөніс дүкені
Мазмұнды сюжеттік ойын: «Дүкенші»
Бұл жоспар балаларға «дүкен», «дүкенші» және «тұтынушы» ұғымдарын ойын арқылы түсіндіруге арналған. Дүкеннің адамдарға қажеттілігі, дүкеннен азық-түлік, ойыншық, аяқ киім, ыдыс-аяқ сияқты заттардың ақшаға сатып алынатыны қарапайым әрі түсінікті түрде меңгертіледі.
Мақсаттары
Білімділік мақсаты
Балаларға дүкен, дүкенші, тұтынушы туралы түсінік беру. Дүкеннен түрлі тауарлардың (азық-түлік, ойыншық, аяқ киім, ыдыс-аяқ және т.б.) ақшаға алынатынын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты
Сұрақ-жауап арқылы балалардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, қызығушылығын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты
Балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа баулу; достасып, бірігіп, тату ойнауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар
- Өлшеуіш
- Касса (ойыншық касса)
- Тағам түрлері (муляждар немесе ойыншықтар)
- Ыдыс-аяқ
- Ақша (ойыншық ақша)
- Дүкенге қатысты басқа да заттар
Ұйымдастыру сәті
Апаң сенің базардан
Алма сатып әперді.
Ең үлкенін, тәттісін
Саған таңдап әперді.
Сұрақтар:
- Алманы апаң қайдан алды?
- Алманы кім сатты?
Жауап: Алманы дүкеннен сатып алды. Иә, балалар, бүгін біз «Дүкен» ойынын ойнап көрейік.
Ойынның мазмұны
Тәрбиеші алдымен балаларды «дүкенмен» таныстырады және онда дүкенші болатынын түсіндіреді. Балалардың ішінен біреуін дүкенші етіп тағайындайды, ал қалғандары — сатып алушылар (клиенттер). Дүкенші арнайы формасын киеді.
Дүкенге кіргенде сәлемдесу және сөйлесу үлгісі
Тұтынушы
— Сәлеметсіз бе!
Дүкенші
— Сәлеметсіз бе! Сізге қандай көмегім керек?
Тұтынушы
— Маған 1 дана алма, 2 дана апельсин керек еді.
Дүкенші
— Мінеки. Қанша төлейсіз?
Тұтынушы
— Қанша төлейін?
Дүкенші
— 2 теңге.
Тұтынушы
— Рахмет! Сау болыңыз.
Дүкенші
— Ас болсын! Сау болыңыз.
Екінші диалог үлгісі (жүзім)
Тұтынушы
— Сәлеметсіз бе! Мен немереме тәтті жүзім алайын деп едім.
Сатушы
— Бұл жүзім өте дәмді.
Тұтынушы
— Ендеше маған 1 кг өлшеп беріңізші.
Сатушы
— Мінеки. Сізден 3 теңге.
Тұтынушы
— Рахмет! Сау болыңыз.
Сатушы
— Сау болыңыз.
Қимылды ойын: «Жемістер мен көкөністерді жинау»
Ойынның шарты: жерде шашылып жатқан жемістерді бір бөлек, көкөністерді бір бөлек себеттерге жинау.
Тәрбиешінің қолдауы
— Жарайсыңдар, балалар! Енді өз орындарымызға жайғасайық.
Қорытынды әңгіме
Сұрақтар:
- Біз бүгін қандай ойын ойнадық?
- Мазмұнды ойын не туралы болды?
Жауап: «Көкөніс дүкені» тақырыбындағы мазмұнды сюжеттік ойын ойнадық. Көкөністер мен жемістер ағзамызға пайдалы: ойымызды сергітеді, бойымыздың өсуіне көмектеседі.
Бүгінгі мазмұнды ойынымыз аяқталды. Топқа барып, ойынымызды жалғастырамыз. Сау болыңдар!