Сыныбы: 9Сабақтың тақырыбы
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
- Сынып
- 9
- Сабақтың тақырыбы
- Допты қабылдау (волейбол)
- Көрнекілігі
- Тор, ысқырық, доптар
Сабақтың мақсаты
-
Волейбол ойынында допты қабылдау тәсілдерін үйрету: жоғарыдан және төменнен қабылдау.
-
Ептілік пен шапшаңдықты жетілдіру арқылы оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арттыру.
-
Дені сау, жаны таза, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың мазмұны
Дайындық бөлімі
Сабаққа кіріспе, саптық және жалпы дамыту жаттығулары.
1) Сапқа тұрғызу және ұйымдастыру
- Сапқа тұрғызу.
- Амандасу.
- Мәлімет қабылдау.
- Сабақтың тақырыбын түсіндіру.
2) Саптық жаттығулар
- Оңға бұрылу
- Солға бұрылу
- Кері бұрылу
3) Жүру
Қозғалыс қарқынын біртіндеп арттыра отырып, бұлшық еттерді жұмысқа дайындау.
4) Жүгіру түрлері
-
1
Тізені жоғары көтеріп жүгіру.
-
2
Сол жақ иықпен секіре жүгіру.
-
3
Оң жақ иықпен секіре жүгіру.
-
4
Қиылысты жүгіру және «жылан» тәрізді жүгіру.
5) Жалпы дамыту жаттығулары
Бастапқы қалып (Б.қ.)
Қол белде, аяқ иық көлемінде.
Орындау
1–2: басты алға-артқа; 3–4: оңға-солға бұру.
Б.қ.
Негізгі тұрыс, қолды алға созып айқастыру.
Орындау
1–2: оңға; 3–4: солға бұрылу.
Б.қ.
Жұдырық түйілген қолдар.
Орындау
1–2: қолды жоғары; 3–4: төмен түсіру.
Б.қ.
Қол кеуде тұста.
Орындау
1–2: қолды алға; 3–4: жанға ашып сермеу.
Б.қ.
Қол белде, аяқ иық көлемінде.
Орындау
1–2: оңға; 3–4: солға еңкею.
Б.қ.
Аяқ арасы кең, қол белде.
Орындау
1: сол аяққа; 2: ортаға; 3: оң аяққа еңкею; 4: бастапқы қалып.
Б.қ.
Қол белде, аяқ иық көлемінде.
Орындау
1: қол жоғарыда — артқа шалқаю; 2: алға еңкею; 3: қол алда — отыру; 4: негізгі тұрыс.
Негізгі тұрыс (Н.т.)
Оң аяққа және сол аяққа алма-кезек отыра бүгілу.
Орындау
1–2: оң аяққа; 3–4: сол аяққа.