Бірге жазылатын сөздерТұлғасы өзгеріп барып біріккен сөздер қосылып жазылады
Бірге жазылатын сөздер
Қазақ орфографиясында кейбір сөздер тұлғасы өзгеріп барып біріккен күйінде, ал кейбірі түбір тұлғасы сақталып, дағды бойынша бірге жазылады. Төменде негізгі қағидалар мен мысалдар берілген.
1) Тұлғасы өзгеріп барып біріккен сөздер
Тұлғасы өзгеріп барып біріккен сөздер бірге жазылады.
Мысалдар
бүгін, биыл, қыстыгүні, күздігүні, жаздыгүні, алаңғасар, ашудас, белбеу, апар, әпер, түрегелді.
2) «Еш, әр, кей, бір, қай, әлде» сөздерімен біріккен тұлғалар
Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдіктер мен үстеулер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады.
Мысалдар
- әркім
- әрбір
- әрқайсы
- әрдайым
- әрқашан
- ешкім
- ешбір
- ешқандай
- ешқайда
- ештеңе
- кейбір
- қайбір
- қайсыбір
- бірдеңе
- бірнеше
- бірталай
- біраз
- бірсыпыра
- біржолата
- біріңғай
- біркелкі
- бірқыдыру
- әлдеқалай
- әлдеқайда
- әлдеқашан
- әлдеқандай
Ескерту
«Еш, әр, кей, бір, қай, әлде» сөздері зат есімдермен тіркескенде, бөлек жазылады.
Мысалы: еш адам, әр бала, қай үй, кей адам, бір жұмыс, әлде жылқы, әлде сиыр.
3) Терминдік мәнге ие болып қалыптасқан атаулар
Ғылымның әр алуан салаларындағы (саяси-әлеуметтік, биологиялық, астрономиялық және т.б.) терминдік мәнге ие болып қалыптасқан атаулар, сондай-ақ басқа да бірқатар сөздер бастапқы тұлғаларын сақтап, дағды бойынша бірге жазылады.
Мысалдар
баспасөз, өнеркәсіп, кәсіподақ, халықаралық, қолбасшы, бесжылдық, оңтүстік, солтүстік, арақатынас, көзқарас, шекара, шетел, еңбеккүн, шикізат, бірқазан, аққұтан, көкқұтан, қосаяқ, қарақұйрық, аққу, қарақұс, бұзаубас, тасбақа, есекмия, жаужұмыр, түйеқарын, жемшөп, Темірқазық, Ақбозат.
Ескерту
Кісі аттары да түбір тұлғасы сақталып жазылады.
- Мергенбай (Мергембай емес)
- Аманкелді (Амангелді емес)
- Аманқұл (Аманғұл емес)
- Досжан (Дощан, Дошшан емес)
- Күнпейіс (Күмпейіс емес)
- Жетпісбай (Жемпіспай емес)
- Қартбай (Қартпай емес)
4) Географиялық атаулардың жазылуы
Екі-үш сөзден құралған географиялық атаулар түбірі сақталып, бірге жазылады. Ал аттас жерлерді бір-бірінен ажырату үшін алдынан қолданылатын анықтауыш сөздер бас әріптен басталып, бөлек жазылады.
Мысалдар