Топқа бөлу. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Мұғалім
Ескараева Г. У.
Пәнаралық байланыс
- Музыка
- Әдебиеттік оқу
Сабақтың оқу мақсаттары
Әңгіме құрастыру
Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау.
Мәтіндерді салыстыру
Мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын (жанры, мәтін түрі) табу.
Көркем жазу дағдысы
Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, әріптерді байланыстырып, көлбеу әрі таза жазу.
Сабақ нәтижесі
Оқушылардың күтілетін жетістігі деңгейге бөлініп ұсынылады.
Оқушылардың барлығы
- Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.
- Жазба жұмысын орындайды.
- Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың көбісі
- Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
- Өз бетінше жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі
- Оқулықтан тыс қосымша тапсырмаларды орындайды.
- Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіреді.
Бағалау критерийлері
Тапсырмаларды орындау
Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
Коммуникация
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Кері байланыс
Өзін-өзі бағалау мен кері байланыс арқылы оқу үдерісін жақсартады.
Ресурстар
- Оқулық, суреттер.
- Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар.
- Топтық тапсырмалар, кері байланыс парағы, стикерлер.
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
Басталуы
5 минутҰйымдастыру кезеңі
Оқушылармен психологиялық ахуал қалыптастыру: «Шаттық шеңбері», «Аялы алақан» тренингі. Оқушылар бір-біріне алғыс айтады.
Топқа бөлу
Жануарлардың суреттері арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр оқушыға бағалау парағы таратылады.
Жаңа білім
10 минутБілу және түсіну
- Өткенді пысықтау: «Суретшінің қатесін тап» тапсырмасы.
- Оқулықтағы негізгі тақырыппен танысу.
- Суреттердің астындағы сөздерді салыстырып, қорытынды жасау.
- Видеоролик көру.
- «Өрмекші торы» әдісі арқылы өткенді бекіту.
Жалпыға арналған сұрақтар
Зат есім дегеніміз не?
«Кім?» «Не?» сұрақтары қай уақытта қойылады?
Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі дегеніміз не?
Көптік жалғауларды ата.
Жаттығу жұмысы
49-жаттығу: өлеңді оқу (әр топтан бір оқушы оқиды).
Көгершін қандай құс?
Оны неліктен «бейбітшілік құсы» деп атайды?
Оқушылар суретті сипаттайды.