Қысқаша тұйықталу құбылысын түсіндіру

Бағыты: Педагогикалық жаңа идеялар мен технологиялар

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы
Толық тізбек үшін Ом заңы
Сабақтың мақсаты
Толық тізбек үшін Ом заңының физикалық мағынасын түсіндіру. Есеп шығаруда Ом заңын орынды қолдануға үйрету.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар толық тізбек үшін Ом заңын есеп шығару барысында қолдана алады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Оқушыларды карточка суыру арқылы топқа бөлу:

    I топ

    Есепшілер

    II топ

    Тізбектер

    III топ

    Ойшылдар

  • Бағалау тәртібі: тапсырманың қиындық деңгейіне қарай 5, 10, 15 балл; сұрақтың дұрыстығына қарай 3, 5, 10 балл қойылады.

    Жиынтық балл Баға
    10 балл 3
    20 балл 4
    30 балл 5

1-тапсырма. Топтық жұмыс

Мақсаты: үй тапсырмасын тексеру • Уақыты: 10 минут

Деңгейлік тапсырмаларды үш топ өз мүмкіндігіне қарай орындайды.

  1. 1) Бір сағатта 25 Кл заряд өтуі үшін өткізгіштегі ток күші қандай болуы керек?

    Жауабы: I = 7 мА

  2. 2) Ток күші 0,5 А болғанда 7,7 Кл заряд тасымалдау қанша уақытқа созылады?

    Жауабы: t = 15 с

  3. 3) Метал өткізгіштегі ток күші 0,8 мкА болғанда, 1 с ішінде оның көлденең қимасы арқылы өтетін электрондар санын табыңдар.

    Жауабы: N = 5 · 1012

  4. 4) Сым тартатын станоктан өткенде кедергісі 20 Ом сымның ұзындығы 5 есе ұзарған. Сымның кедергісі қандай болады?

    Жауабы: 500 Ом

  5. 5) Тұрақты тогы бар өткізгіштен t = 30 мин ішінде q1 = 1800 Кл заряд өтеді. Ток күшін анықтаңдар. Ал q2 = 600 Кл зарядқа сәйкес ток күші қанша уақыт аралығында өтеді?

    Жауабы: I = 1 А, t = 600 с

  6. 6) Сымның кедергісін ортасынан бөліп, екі бөлікті қайтадан өріп біріктіреді. Сонда өткізгіштің кедергісі қалай өзгереді?

    Жауабы: 4 есе азаяды

III. Үй тапсырмасын қорытындылау

Әр топтың жұмысы тексеріліп, балл қойылады. Қиындық көрген оқушыларға бағыт-бағдар беріледі.

IV. Жаңа сабақ

Сергіту сәті

Өткізгіштердің жалғану түрлері: оқушылар параллель және тізбектей жалғануды көрсетеді.

2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс

Әр топқа тақырыпша бөлініп беріледі, мағынасын ашады

I топ

Толық тізбек үшін Ом заңын қорытып шығару

II топ

U = ε екенін түсіндіру

III топ

Қысқа тұйықталу құбылысын түсіндіру

Мұғалімнің қызметі

  • Жекелеген оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін бақылау.
  • Оқушылардың түсінігін жетілдіру және нақтылау үшін қолдау көрсету.
  • Жауаптарды түзету және толықтыру арқылы материалды түсіндіру: тізбек бөлігі мен толық тізбек үшін Ом заңының айырмашылығы мен ұқсастығы; қысқа тұйықталудың пайдасы мен зияны.

3-тапсырма. Жаңа материалды қорытындылау есептері

Есептер арқылы бекіту

  1. 1) Электр қозғаушы күші ε = 1,2 В, сыртқы кедергі R = 5 Ом, ток күші I = 0,2 А болатын элементтің ішкі кедергісі қандай?

    Жауабы: r = 1 Ом

  2. 2) Қалта шамы батареясының ЭҚК-і ε = 3,7 В, ал ішкі кедергісі r = 1,5 Ом. Батарея R = 11,7 Ом кедергіге жалғанған. Батарея қысқыштарындағы кернеу қандай?

    Жауабы: U ≈ 3,3 В

  3. 3) Батареяның ЭҚК-і ε = 6 В, ішкі кедергісі r = 0,5 Ом, ал тізбектің сыртқы кедергісі R = 11,5 Ом. Тізбектегі ток күшін, батарея қысқыштарындағы кернеуді және ішкі бөліктегі кернеу түсуін анықтаңдар.

Автор туралы

Жаңаөзен мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі — Құттыбаева Ұлжан.

Материал: «Толық тізбек үшін Ом заңы» (жүктеу үшін мектептің ішкі ресурстарын пайдаланыңыз).