Кейде сипап өтер, Кейде желпіп өтер

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Бұл сабақ жоспары оқушылардың сөйлем туралы білімін бекітуге, ойлау дағдысын дамытуға және бірлескен жұмыс арқылы ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • 1

    Білімділік

    Оқушылардың сөйлем туралы білімдерін пысықтау және тиянақтау.

  • 2

    Дамытушылық

    Сын тұрғысынан ойлауға баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.

  • 3

    Тәрбиелік

    Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар

  • Тірек-сызба
  • Суреттер
  • Шығармашылық тапсырмалар
  • Интерактивті тақта

Әдістері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру
  3. 3 Жаңа сабақ
  4. 4 Қорытындылау, бағалау
  5. 5 Үй тапсырмасы

Ой қозғау

Оқушылардың алдыңғы білімін еске түсіріп, тақырыпқа кіріспе жасайтын сұрақтар.

1-сұрақ

Сөйлем неден құралады?

2-сұрақ

Сөйлемнің түрлерін ата.

3-сұрақ

Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылады?

Қызығушылықты ояту: сөзжұмбақ

Тақырыпты ашуға көмектесетін жұмбақ сұрақтары.

1

Қыстың алғашқы айы.

2

Тілден ұшып, құлаққа қонады.

3

Түйістіреді көзіңді көзіңе,
Жолықтырады өзіңді өзіңе.

4

Таудан биік, баудан аласа.

5

Көзге көрінбейді,
Қолға ілінбейді.
Кейде сипап өтер,
Кейде желпіп өтер.

6

Суға батпайды,
Отқа жанбайды.

Мағынаны тану

Негізгі ұғымдар

  • Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
  • Сөйлем сөздерден құралады.
  • Сөйлем түрлері: хабарлы, сұраулы, лепті.
  • Сөйлем соңында нүкте (.), сұрау белгісі (?) немесе леп белгісі (!) қойылады.

Есте сақтауға арналған қысқа ереже

Сөйлем — ойды аяқтап жеткізетін сөздер тізбегі. Ойдың мәніне қарай сөйлем хабарлы, сұраулы, лепті болып бөлінеді.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

Берілген сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдырып жаз.

2-жаттығу

Өлеңді түсініп оқы. Өлеңдегі сөйлем түрлерін ажырат.

3-жаттығу

Мәтінді түсініп оқып, ондағы сөйлем санын анықта. Тиісті тыныс белгісін қойып, бір сұраулы және бір хабарлы сөйлемді көшіріп жаз.

Сергіту сәті

Кәне, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.

«Жүйрік ойлы, тапқыр кім?»

Сөйлем түрлерін сипаттауға арналған шағын өлең-жұмбақтарды талдау.

Хабарлы сөйлем

Өзім сөзден тұрамын,
Хабар мен нүкте жинағым.

Сұраулы сөйлем

Мен де сөзден тұрамын,
Сұраулы ойды құрадым,
Өзгеден жауап сұрадым.

Лепті сөйлем

Қуану, өкіну, ренжу —
Мақсатым соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын.

«Адасқан сөздер» тапсырмасы

Берілген сөздерді дұрыс ретке келтіріп, мағыналы сөйлемдер құрастыр.

тепті коньки балалар қыста сұлу неткен тамаша бардың қайда сен бүгін

Өз бетімен жұмыс

Тапсырма

Берілген тақырып бойынша бірнеше сөйлем құрастыр.

Қорытындылау, бағалау және үй тапсырмасы

Қорытындылау және бағалау

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейі сұрақ-жауап және орындалған тапсырмалар арқылы бағаланады.

Үйге тапсырма

  • Ережені жаттау.
  • 4-жаттығуды орындау.