Батырлар жырларын тақырып, мазмұн жағынан өзара салыстыра отырып таныту
Қазақ әдебиеті · 9-сынып
Сабақ тақырыбы: Батырлар жыры — «Қамбар батыр»
Бұл сабақта оқушылар батырлар жырының ортақ идеясы мен тақырыптық өзегін, халық тарихымен байланысын және кейіпкерлер жүйесін талдай отырып түсінеді. «Қамбар батыр» жырын мазмұны мен құрылысы жағынан қарастырып, өзге эпостармен салыстыру арқылы ерекшеліктерін анықтайды.
Мұғалім
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Алипова Гүлназ
Негізгі ұстаным
Батырлар жырларын тақырыптық әрі мазмұндық қырынан салыстыра отырып, оқушылардың талдау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақ мақсаты
- Батырлар жырының тақырыбы мен ортақ идеясын, халық тарихымен байланысын түсіну.
- Кейіпкерлер әлемі арқылы халық арманы мен дүниетанымын тану.
- Батырлар жырларын тақырып, мазмұн жағынан салыстыра отырып, ерекшеліктерін айқындау.
Сабақ міндеттері
Мазмұнды меңгерту
«Қамбар батыр» жырының негізгі оқиғалар желісін меңгерту.
Құрылымдық талдау
Жыр құрылысына талдау жасатып, композициялық ерекшеліктерін анықтату.
Шығармашылық жұмыс
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже
- Батырлар жыры туралы түсінігі кеңейеді және жүйеленеді.
- «Қамбар батыр» жырының мазмұнын біледі.
- Мазмұны мен құрылысына жан-жақты талдау жасай алады.
- Батырлар жырын салыстыра отырып, ерекшеліктерін таниды.
Сабақ барысы
I кезең
Ұйымдастыру
Сыныпты сабаққа дайындау, мақсат-міндеттерді нақтылау және жұмыс тәртібін белгілеу.
Формат
Жалпы сынып
II кезең
Үй тапсырмасын сұрау (ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар)
A деңгейі
Қорқыт туралы аңыздан түсінгенін әңгімелейді.
B деңгейі
Сыныптан тыс оқыған аңызын мазмұндайды.
C деңгейі
Өздері дайындаған презентацияларын қорғайды.
Бағалау
Деңгейлік
III кезең
Қызығушылықты ояту (СТОҮ: категориялы топтастыру)
Негізгі ұғым: «Батырлар жыры»
Оқушылар батырлар жырының ортақ тақырыптарын тірек сөздер арқылы топтастырады. Бұрыннан білетін мәліметтерін «Алпамыс батыр» мен «Қобыланды батыр» жырларымен байланыстыра отырып айтады. «Қамбар батыр» туралы білетіндері болса, соны да толықтырады.
Топтастыру үлгісі
- Батырлар жыры ортақ тақырыптар
- Алпамыс Қобыланды Қамбар
АКТ
Анимациялық фильм
«Қамбар батыр» жырының желісі бойынша түсірілген анимациялық фильмді көру.
Құрал
АКТ