Бір тостақ іркітіңді жібермесең, Мен мына өмірімнен қорқып барам
Мұқағали Мақатаевтың өлеңі
Сыйың мен құрметіңе қарамай - ақ,
Ауылыңнан аттанып ем жалаң - аяқ.
Ақсақал, ақ емшегің болғанымен,
Өсіп ем ақымақты итке баламай - ақ.
Мен сенен әрқашан да алыс кетпен,
Таныс қыстау, таныс шал, таныс кетпен.
Айраныңды күбіңе жасырып қап,
Сен маған тағы іш деп пе ең,
тағы іш деп пе ең.
Бөтелкеден күбің ғой артық маған,
Дәм татуға патша да ар тұтпаған.
Бір тостақ іркітіңді жібермесең,
Мен мына өмірімнен қорқып барам.
Тамұққа барады алып мына құрғыр,
Құлауға пәс - ақ қалып тұрағым тұр.
Қуанып өтем бе деп келіп едім,
Түн сайын оңашада жыладым кіл.
Жұртым - ау, жылаудың да себебі бар,
Неге сонша алдымнан келеді жар?
Сен келіп селбеспесең, қайран жұртым,
Сенделіп екі ортада өледі жан.
Ажыратсам деп едім ақ, қараны,
Ылғи көрем езу мен таптағанды.
Күйзеліп таң атқанша таңды күтсем,
Ойпырм - ай, таңның өзі қап – қараңғы!
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы,
Опорный орта мектебінің
3 ә сынып оқушысы Дарханқызы Айерке.
Тілдік әдеби норма және поэтикалық тіл
АДАМ АТА МЕН ХАУА АНА
Жазушы романында образ жасаудың монологтік қолданыстары
Сөйлеу мәдениеті
Драматургиядағы тарихи тұлғалар бейнесі
Бақыт Беделханұлы: ҰЛЫМ, САҒАН АЙТАМ. .
Өлеңдер жинағы
Шәкәрім Құдайбердіұлы шағармашылығындағы дүниетанымдық мәселелер
Йасауи Хикметтері
С.Садуақасұлы шығармашылығы
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Валюталық нарықтың және валюталық операциялардың ерекшеліктері мен дамуы
Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары