Баған түрінде шығар

Тақырып

Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері (слайд).

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдістері

  • Түсіндіру
  • Көрсету
  • Өзіндік жұмыс

Көрнекілігі

  • Қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер
  • Кестелер

Мақсаты

1) Білімдік

Оқушылардың екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілін меңгеруін бекіту.

2) Дамытушылық

Есте сақтау, ойлау қабілеттерін және математикалық тілде сауатты сөйлей білу дағдыларын дамыту.

3) Тәрбиелік

Ақыл-ой және еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге қызығушылық пен сүйіспеншілікті ояту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық: амандасу, түгендеу.

Оқушыларды түсті карточкалар арқылы 4 топқа бөліп, орындарына отырғызу.

Шаттық шеңбері: бір-біріңе қарап жымиып, жайланып отырыңдар, көздеріңді жұмыңдар. Мұғалім айтқан сөздерді іштеріңнен қайталаңдар:

Мен бақытты баламын.

Жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді!

Білімді, алғыр болғым келеді!

II. Үй тапсырмасын тексеру

№ 7, 14-бет.

355 + 98 × 4 × 25 = 10300

45 × (70 + 30) = 4500

250 × 9 × 40 × 80 = 7200000

2199 + 25 × 9 × 4 + 101 = 3200

98 × 4 + 98 × 6 = 980

810 ÷ (3 × 30) + 250 ÷ (20 + 30) = 14

III. Жаңа сабақ

№ 1. Есептемей-ақ бөліндінің мәніндегі цифрлар санын анықта.

№ 2(a). Оқушыларға түсіндіре отырып шығару, қосымша бірнеше мысал келтіру.

№ 2(ә). Баған түрінде шығар. Дұрыстығын тексер.

I топ

9684 ÷ 12

II топ

4784 ÷ 23

III топ

94770 ÷ 45

IV топ

95883 ÷ 31

№ 3. Ізденісті талап ететін тапсырма: оқушылармен талдай отырып шығару.

Мектеп жанындағы бақтан 4 т 590 кг алма және 3 т 660 кг алмұрт жиналды. Алма жәшіктерінің әрқайсысына 15 кг-нан, ал алмұрт жәшіктерінің әрқайсысына 12 кг-нан бөлініп салынды.

I топ

4 т 590 кг ÷ 15 кг

II топ

3 т 660 кг ÷ 12 кг

III топ

4 т 590 кг ÷ 15 кг + 3 т 660 кг ÷ 12 кг

IV топ

4 т 590 кг − 3 т 660 кг ÷ 12 кг

Әр топ өзіне берілген өрнектің нені білдіретінін түсіндіреді.

№ 4. Қысқа дайындау үшін 140 кг картоп және одан 7 есе кем сәбіз сатып алынды. Сәбізге қарағанда қанша килограмм картоп артық дайындалды? Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Теңдеу

140 − x = 140 ÷ 7

Шешуі

140 − x = 20

x = 140 − 20

x = 120

Жауабы:

Сәбізге қарағанда 120 кг картоп артық дайындалды.

VI. Сабақты пысықтау

№ 5. Жүк машинасы 1 сағатта 15 л, ал жеңіл машина 8 л жанармай жұмсайды. 5 сағатта жүк машинасы жеңіл машинаға қарағанда жанармайды қанша литр артық жұмсайды? Есепті шығарудың екі тәсілін көрсет.

1-тәсіл

(15 − 8) × 5 = 35 (л)

2-тәсіл

(15 × 5) − (8 × 5) = 35 (л)

Жауабы:

35 л артық жанармай жұмсайды.

№ 6. Арнайы машиналар көшені қардан тазартуға шықты. Бір машина сағатына 2 км жол тазалайды. Ұзындығы 48 км көшені тазалау үшін 2 қар тазалайтын машинаға қанша сағат жұмыс қажет?

Шешуі

48 ÷ 2 ÷ 2 = 12 (сағ)

Жауабы:

2 қар тазалайтын машинаға 12 сағат қажет.

VII. Бекіту

№ 7. Амалдар ретін анықта және есепте.

3430 × 35 + (68832 ÷ 16 − 237 × 12) = 121508

VIII. Үй тапсырмасы

  • Үй тапсырмасын беру.
  • Бағалау.
  • Қорытындылау.