Наурыз шашу

Наурыз шашу

Сабақ жоспары: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы Наурыз мейрамының мәні мен мағынасын түсіндіру, ұлттық мұраны сезіндіру және шығармашылық қабілетті дамыту.

Сабақтың өту барысы

Кіріспе

  • Ұлттық киім киген оқушылар күй әуенімен сыныпқа кіреді.
  • Амандасу (күй ойнап тұрады).
  • Арнайы дайындалған киіз үй ішінде «айтыс», «жыр», «күй», «терме» жазылған кеспелер арқылы 4 жанұялық топқа бөліну (1 минут).

Қызығушылықты ояту: «Ассоциация» стратегиясы

Мақсаты

Оқушылардың ынтасын, белсенділігін және сабаққа қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

  • Проблема туралы өз білімін ұсына алады.
  • Ұсынылған мәселені қорытындылай алады.
  • Қарым-қатынас мәдениетін дамытады.
  • Білімін өзектендіреді.

Тірек ассоциациялар

мереке той дәстүр ән ай-думан айтыс Ұлыс күні Наурыз көже

Әр топ өз ойларын ортаға салып талдайды және аудиторияға ұсынады.

Мағынаны тану: «Тірек сөздер» стратегиясы

5 минут

Мақсаты

Оқушылардың шығармашылықпен және өз бетінше жұмыс істей алуын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

  • Болжайды, қиялдайды, талдайды.
  • Өз болжамын шығармашылық тұрғыда жеткізеді.
  • Жаңа ақпаратқа қызығушылықпен қарайды.
  • Таным процесінде тиімді қарым-қатынас жасайды.

1-топ

  • Наурыз
  • Ұлыс күні
  • Айтыс
  • Той

2-топ

  • Наурыз
  • Думан
  • Терме
  • Дәстүр

3-топ

  • Мереке
  • Наурыз көже
  • Ақ әже
  • Ән

4-топ

  • Салт
  • Жаңа күн
  • Жыр
  • Ойын
  1. Тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру және болжам жасау ұсынылады.
  2. Әр топ мүшесі жазғанын топ ішінде талқылайды (3 минут).
  3. Топ шешімімен бір оқушы жазғанын аудиторияға ұсынады (8 минут).
  4. Интерактивті тақтадан Наурыз көріністері көрсетіліп, өз болжамдары түпнұсқамен салыстырылады.

Қорытындылау: оқушылар Наурыз туралы ойларын ортаға салып, ұжыммен, топпен және жұппен жұмыс істей отырып бір-бірін үйретеді. Наурыз тойында ұлттық ойындар ойналып, Наурыз көже дайындалып, жұртшылық көрісіп, мерекелік көңіл күйге бөленеді.

Музыка тыңдау: Құрманғазы — «Көңілашар»

Кең даланы әсем күймен суреттеген Құрманғазы Сағырбайұлының «Көңілашар» күйін тыңдау және талдау.

Талқылау сұрақтары

  • Күйді тыңдағанда қандай сезімде болдың?
  • Күй қалай орындалды?
  • Қандай аспапта орындалды?
  • Күй тыңдағанда көз алдыңа не елестеді?

Сергіту сәті

Күй әуенімен қазақ биінің қимылдарын қайталап билеу (2 минут).

Ән үйрену: «Наурызым — нақыл жыр»

5 минут

Өлеңі мен әні: Ж. Кәрімова.

Өлең

Нұр құйса дарқан далама таңның шапағы,

Күн күлсе терлеп жер-ана бүршік атады.

Бозторғай жырласа жырын ашық аспанда,

Күй ойнап, шырқалып әндер шалқып жатады.

Қайырмасы

Наурызым — бабамның сөзі,

Наурызым — анамның сөзі.

Ғасырдан ғасырға жеткен,

Даламның сөзі.

Келесі шумақ

Ұлыстың ұлы күнінде ізгі ой жарқын,

Елдікті қасиет тұтқан дәстүр мен салтым.

Тілеген елдің іргесін, жер амандығын,

Сақтаған Наурызды бізге аманат халқым.

Қайырмасы қайталанады.

Ой-толғаныс: «Галереяға саяхат» стратегиясы

Жинақтау және қорытындылау

Мақсаты

Жаңа тақырып бойынша алған білімді жинақтау, суреттеу және қорытындылау.

Күтілетін нәтиже

  • Ақпаратпен ықыласты жұмыс жасайды.
  • Өзгелердің пікірін біледі және салыстырады.
  • Сараптайды, жинақтайды, бағалайды.
  • Мәтін бойынша белгі қояды, сұрақ құрастырады, тұжырымдайды.
  1. Арнайы плакаттарға Наурыз туралы алған білімдерін сурет арқылы көрсетеді немесе жапсырма қағаздарға пікірін жазады (5 минут).
  2. Әр топтан бір оқушы шығып, жұмыстарын тақтаға іліп, талқылайды (5 минут).

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Сабақ барысындағы белсенділігі мен қатысымына қарай бағалау (2 минут).

Үйге тапсырма

  • «Наурызым — нақыл жыр» әнінің сөзін жаттау.
  • «Наурыз тойы» тақырыбына 5 минуттық эссе жазу.

Ескерту: сабақ «Наурыз» сөзіне ассоциация жасаудан басталады. Әр топ ойларын ортаға салып талдап, аудиторияға ұсынады.