Ерітінділер ортасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары (Химия, 10-сынып)

Сабақ тақырыбы
§3.4 Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш
Пән / сынып
Химия, 10-сынып
Жалпы мақсат
Ерітінді ортасын, сутек (H+) және гидроксид (OH) иондарының концентрациясын түсіндіру және pH ұғымын қалыптастыру.

Оқу нәтижелері

  1. Судың иондарға диссоциациялануын түсіндіреді.
  2. Ерітінді ортасын анықтап, сипаттайды.
  3. pH ұғымын қолданып, индикаторлардың түс өзгерісін түсіндіреді.

Негізгі идея

Күнделікті өмірде тағам ретінде қолданылатын көкөністер мен жемістер шырындарының pH мәнін анықтау туралы мәлімет беру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Назар аударту

Тұрмыстық мысалдар

Шырындардың қышқылдығы мен дәмі pH-пен байланысты.

Кілт ұғымдар

H+, OH, pH

Ерітінді ортасын сандық және сапалық бағалау.

Нәтиже

Тәжірибелік түсінік

Индикаторлар арқылы pH-ты шамамен анықтау.

Сілтемелер мен дереккөздер

Сілтеме

  • Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
  • Химия оқулығы (10-сынып): Н. Нұрахметов, Қ. Бекішев
  • Н. Заграничная еңбектері

Дереккөздер

  • Газет-журнал материалдары
  • Электронды оқулық ресурстары

Сабақта қолданылатын материалдар

A4 қағазы Стикерлер Оқулық Жетондар Электронды оқулық

Оқыту әдістері

Жаңа әдістер

Топтық талқылау, жекелей орындау, тапсырмалар арқылы түсіндіру.

АКТ

Электронды оқулық және цифрлық ресурстарды қолдану.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау: жедел сұрақ-жауап, тест, жетон арқылы ынталандыру.

Сабақ барысы

Мақсатты ахуал

Оқушыларға психологиялық қолайлы орта қалыптастыру, сабаққа назарын шоғырландыру.

  1. 1-кезең Ұйымдастыру
  2. 2-кезең Алғашқы қадам (үй тапсырмасын тексеру)
  3. 3-кезең Лездік тапсырма (сұрақ-жауап)
  4. 4-кезең Біліктілік сайысы (жеке тапсырма)
  5. 5-кезең Алғырлық кілті (оқулықпен жұмыс)
  6. 6-кезең Сергіту сәті
  7. 7-кезең Шешуші сәт (тестпен жұмыс)

Үй тапсырмасы

Тақырып: Тұз ерітінділері мен балқымалардың электролизі.

Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар

Негізгі сұрақтар

  1. Электролиз әдісі арқылы ашылған элементтерді атаңыз.
  2. Электролиз дегеніміз не?
  3. Металдар мен ерітінділердің электр тогын өткізу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
  4. Электролиз жүргізуге арналған құрылғы қалай аталады және ол қалай жұмыс істейді?
  5. Анодта және катодта қандай процестер жүреді?

Тексеру форматы

Сәйкестендіру тесті

Ұғымдар мен анықтамаларды сәйкестендіріп, қысқа дәлел келтіру.

Лездік сұрақ-жауап

Негізгі терминдерді жылдам қайталау және түсінікті нақтылау.

Автор туралы мәлімет

Мұнайлы ауданы, №5 орта мектептің химия пәні мұғалімі — Сауытбаева Сулушаш Қалдыбаевна.

Тақырып: Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш