Махамбет Өтемісұлының Соғыс Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғындыру; «Соғыс» өлеңінің тақырыбы, жанры және маңызы туралы түсінік беру.

Дамытушылық

Патриоттық мазмұндағы өлеңдерді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқуға үйрету; мәтіндегі негізгі ойды табу; әдеби кітап оқуға ынталандыру.

Тәрбиелік

Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу; елін-жерін сүюге, патриот болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Жаңа сабаққа назар аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру

А. Байтұрсынов: «Егіннің бастары».

III. Жаңа сабақ

Кіріспе: сұрақ-жауап

Махамбет Өтемісұлы туралы оқушылардың не білетінін сұрау, пікірлерін жүйелеу.

«Жылдар сөйлейді» (хронологиялық кесте)

Хронологиялық деректер арқылы ақын өмірі мен заманына тоқталу.

«Соғыс» ұғымын ашу

«Соғыс» деген сөзді естігенде ойға не келеді? Қандай күйге түсесің?

«Соғыс» сөзінің антонимі — бейбітшілік. «Бейбітшілік» дегенде қандай сезім пайда болады?

Қарама-қарсы ұғымдардың дыбыстық әуезіне назар аударып, топтастыра жазу.

Мәнерлеп оқу

«Еңселігім екі елі» өлеңін мәнерлеп оқу.

«Соғыс» өлеңін мәнерлеп оқу.

Тірек-кесте арқылы талдау

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты нақтыланып, тірек-кесте негізінде Махамбеттің ерлікке, елдікке шақыратын және Исатайға арналған өлеңдері қарастырылады.

Ақын шығармаларында Исатай бейнесінің қалай сомдалғаны, шаруалар көтерілісінің себептері мен мақсат-мұратының қай туындыларда көрінетіні талданады.

Жырларда Махамбеттің өз тұлғасының (ақындық, батырлық, азаматтық) қалай көрінетініне назар аударылады.

Ерлікке, елдікке шақыратын және Исатайға арналған өлеңдер

«Мұнар күн»
«Ұлы арман»
«Біртіндеп садақ асынбай»
«Ереуіл атқа ер салмай»
«Жалғыз дүние»
«О, Нарын!»
«Исатай деген ағам бар»
«Арғымаққа оқ тиді»
«Тарланым»
«Соғыс»
«Мінген ер»
«Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай»
«Исатай сөзі»
«Арыстан одан кім өткен?»

Топтық жұмыс

I топ

Өлеңнен Исатайдың бейнесін және мінген атын суреттейтін жолдарды табу.

II топ

Исатай кім? Батыр туралы не білесіңдер? «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» арқылы пікір жазу.

Өлеңнен үзінді Үзінді жайлы пікір

Өлең құрылысына талдау

Жол Буын саны Белгі
Құдайлады хан ұлы 7 буынды а
Іздеген жауы біз болып 8 буынды б
Жау қарасы көрінді 7 буынды в
Жиылған әскер білінді 8 буынды в
Исатайдың сол күнде 7 буынды д
Ақтабан аты астында 8 буынды ж
Дулығасы басында 7 буынды з

Қорытынды: өлең 7–8 буынды, екі бунақты, аралас ұйқасқа құрылған.

Сөздік жұмысы

I топ

Берілген тіркестердің мағынасын түсіндіріңдер:

  • Зығырданы қайнау
  • Түніменен түйіну
  • Таң атқанша тарану
  • Он екі тұтам жай тартқан

II топ

Берілген тіркестердің мағынасын түсіндіріңдер:

  • Қабырғасын қақыратқан
  • Тебінгісін тесе атқан
  • Тізгінінен кесе атқан

Салыстыру және шығармашылық тапсырмалар

Венн диаграммасы

Махамбет пен Исатайдың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтарын салыстыру.

Махамбет

  • Ақын
  • Күйші
  • Күрескер тұлға

Исатай

  • Батыр
  • Көтеріліс жетекшісі
  • Ел қорғаған ер

Ескерту: Бұл бөлімде нақты дәлелдерді өлең жолдары мен тарихи деректерге сүйене отырып толықтырыңдар.

«5 жолды өлең» құрастыру

1. Зат есім: ақын

2. Сын есім: қайсар, батыр

3. Етістік: сүйді, соғысты, күй шығарды, өлең жазды

4. Сөйлем: Нарында шайқасты, елін қорғады, Отанын сүйді.

5. Түйін сөз: Ол — Отанын сүйген жауынгер, батыр ақын.

Сабақ барысында Махамбет күйлерінен үзінді тыңдатуға болады.

Бекіту (сұрақ-жауап)

Исатай кім?
Махамбет туралы не білесіңдер?
Махамбеттің қандай өлеңдері бар?
Махамбеттің арманы не?
«Жүрегін ояту» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ой толғаныс және ББҮ

Сабақты қорытындылау үшін ББҮ кестесін толтыру ұсынылады.

Білемін Білгім келеді Үйренгенім

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

Махамбеттің өзіңе ұнаған 5 өлеңін жаттап кел.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, топтық жұмыстағы белсенділігі және талдау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.