Екі теріс санның қосындысы - теріс сан
Сабақтың тақырыбы: Теріс сандарды қосу
Бұл сабақта оқушылар теріс сандарды қосудың алгоритмі мен ережесін меңгереді, оны есеп шығаруда қолданады және дәлдік, белсенділік, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамытады.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: теріс сандарды қосу алгоритмін білу.
- Дағдылық: теріс сандарды қосу ережесін есеп шығаруда қолдану.
- Тәрбиелік: ұқыптылыққа, белсенділікке, ізденуге және өз бетінше жұмыс жасауға баулу.
Негізгі идея
Екі теріс санды қосқанда олардың модульдері қосылады да, нәтижеге минус таңбасы қойылады. Сондықтан екі теріс санның қосындысы теріс сан болады.
Ереже
- 1 Қосылғыштардың модульдерін қосыңыз.
- 2 Шыққан санның алдына «−» таңбасын қойыңыз.
Қосудың қасиеттері
Ауыстырымдылық қасиеті
a + b = b + a
−2 + (−3) = −3 + (−2) = −5
Терімділік қасиеті
(a + b) + c = a + (b + c)
(−5 + (−6)) + (−7) = −5 + ((−6) + (−7)) = −18
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру.
- Келмей қалған оқушыларды анықтау.
II. Өткен сабақты пысықтау
«Кім жүйрік?» — сәйкестендіру тесті (таңба қою ережесін еске түсіру).
| Өрнек | Нәтиже |
|---|---|
| −(−27) | 27 |
| −(+17) | −17 |
| −(−25) | 25 |
| −(+8) | −8 |
| −(+2,5) | −2,5 |
| −(+12,4) | −12,4 |
III. Жаңа сабақты меңгерту
Өмірмен байланыс (температура)
Түсте ауаның температурасы −30°C болды. Кешке ол −40°C-қа өзгерді. Кешке ауа температурасы неше градус болды?
Есептеу
−3 + (−4) = −7
Яғни температура 7°-қа төмендейді.
Сан сәулесі арқылы түсіндіру
Теріс санға тағы бір теріс санды қосқанда, нөлден солға қарай жылжимыз. Қорытынды нүкте солға ығыса береді.
Координаталық түзу (көрнекі жазба)
... −7 −6 −5 −4 −3 −2 −1 0 1 2 3 4 5 6 7 ...
Мысал
−8 + (−5) = −13
Графикалық диктант (иә/жоқ)
Тұжырымдарды оқып, «иә» немесе «жоқ» деп белгілеңіз.
- Координаталық түзудің бойында −4,5 пен −2 арасында екі бүтін сан бар.
- −4,555 > −4,5.
- Егер −x < 0 болса, онда x > 0.
- Егер −x оң сан болса, онда x теріс сан емес.
- Кез келген теріс емес сан теріс саннан кіші.
- Нөл кез келген теріс емес саннан үлкен.
- Координаталық түзуде үлкен сан оң жақта орналасады.
- Екі теріс санның ішінде модулі үлкен болған сан — кіші сан.
Тест жұмысы
Дұрыс жауабын таңдаңыз (A, B, C, D).
1) Қосуды орындаңыз:
−11,6 + (−4,8)
- A) 15,9
- B) −7,1
- C) −16,4
- D) 7,1
2) Амалды орындаңыз:
−4,7 + (−3,1)
- A) −1,6
- B) −7,8
- C) 1,6
- D) −7,8
3) Амалды орындаңыз:
−5 + (−0,3)
- A) −5,3
- B) −0,15
- C) 15
- D) 1,5
4) Амалды орындаңыз:
−1,2 + (−4)
- A) −3
- B) −5,6
- C) 3
- D) −0,3
5) Теңдеудің түбірін көрсетіңіз:
|x| + 1 = 4
- A) −5; 5
- B) −3; 3
- C) −3
- D) 6; −6
IV. Жаңа сабақты бекіту
Деңгейлік тапсырмалар арқылы жаңа білімді бекітіңіз.
«A» деңгейі
- I-топ: №420 есеп
- II-топ: №421 есеп
- III-топ: №429 есеп
«B» деңгейі
- I-топ: №430 есеп (1–4)
- II-топ: №431 есеп (1–3)
- III-топ: №432 есеп (1–2)
V. Сабақты қорытындылау
«C» деңгейі: №438 есеп.
VI. Бағалау
Оқушылардың білім деңгейі фишкаларды жинау арқылы бағаланады.
VII. Үй тапсырмасы
№420–№430 есептерін шығару.