Қонақжайлылық дегенді қалай түсінесің

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Оқушылар денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсінеді және салауатты өмір салтын ұстануға талпынады.

Міндеттері

  • Дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаларын түсіндіру.
  • Білімді толықтыру және жүйелеу.
  • Ойды еркін жеткізуге мүмкіндік беру.
  • Салауатты өмір салтын ұстануға жетелеу.

Сабақ барысы

1) Тренинг және сергіту

Оқушылар ортаға шығып, музыка ырғағымен қимылдап, сергиді. Бұл бөлім сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастырып, назарды шоғырландыруға көмектеседі.

2) Топтарға бөліну

Тағам атауларын таңдау арқылы оқушылар 5 топқа бөлінеді.

Әр топқа бағалау парақшалары таратылады.

3) Өткенді қайталау (сұрақ-жауап)

  • Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер бар?
  • Қонақжайлылықты қалай түсінесің?
  • Жылу жинау дәстүрі туралы айтып бер.
  • Адамгершілік дегенді қалай түсінесің?

4) Тақырыпты ашу және талқылау

Талқылау сұрағы

Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа қандай әсері бар?

Мәтін оқылады, әр топ өз ойларын ортаға салады. Оқушылардың алдын ала жүргізген сауалнамасының нәтижесі таныстырылып, «Біз қалай тамақтанамыз?» деген сұрақ төңірегінде пікір алмасу ұйымдастырылады.

5) Дұрыс тамақтанудың маңызы

Дұрыс ұйымдастырылса

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтады, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, оқу мен еңбекке қабілеттілікті арттырады.

Дұрыс ұйымдастырылмаса

Тамақ жеткіліксіз әрі тиімсіз болғанда зат алмасу бұзылып, ағзаның қорғаныс қабілеті төмендейді және жұқпалы ауруларға қарсы тұруы әлсірейді.

6) Тамақтану сауаттылығының 5 негізі

  1. 1. Тағам құрамында негізгі қоректік заттардың болуы: нәруыз, май, көмірсу.
  2. 2. Рационда қосымша заттардың болуы: витаминдер, микроэлементтер.
  3. 3. Тағамның нәрлілігі адамның жасына, денсаулық күйіне, климатқа байланысты.
  4. 4. Тәулік бойындағы тамақтану тәртібі мен мөлшерін сақтау.
  5. 5. Тамақтанудың санитарлық-гигиеналық нормаларға сай болуы.

7) Топтық тапсырма: пайдалы және зиянды тағамдар

Әр топ қима суреттер мен жазуларды пайдаланып, денсаулыққа ең пайдалы және ең зиянды тағамдардың тізбегін құрастырады.

Мысал ретінде ұсынылатын пайдалы тағамдар

ірімшік балық сүт айран жұмыртқа ботқа алма бал нан шай

Мысал ретінде ұсынылатын зиянды тағамдар

чипсы кока-кола газдалған су сникерс кириешки майонез сосиски торт гамбургер балмұздақ тұздалған балық қант

Ескерту

Кейбір тағамдар мөлшеріне қарай пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін. Мақсат — теңгерімді таңдау жасау және мөлшерді сақтау.

8) Қорытынды сұрақтар

Сен не білдің?

Дұрыс тамақтану туралы қандай жаңа ақпарат алдың?

Қандай байланыс бар?

Дұрыс тамақтану мен денсаулықтың байланысын түсіндір.

Қандай қорытынды?

Өзің үшін қандай тұжырым жасадың?

9) Үй тапсырмасы және кері байланыс

Үй тапсырмасы

Оқулық: 77–78-бет. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап дайындап келу.

Кері байланыс

Оқушылар ортаға шығып, смайликтердің тұсына тұрып, сабақтан алған әсерін білдіреді. Қонақтарға да смайликтер таратылып, өз ой-пікірін жазу ұсынылады.