Биохимиялық әдіс

Сабақ туралы мәлімет

Пән / сынып

Биология, 9-сынып

Тақырып

Мутацияларды эксперименттік жолмен алу. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі

Сабақтың типі

Аралас

Сабақтың форматы

Топтық және жеке жұмыс

Әдістер

  • Ынтаны арттыру
  • Әңгімелеу
  • Тірек-сызба
  • Түсіндірмелі әдіс
  • Салыстыру

Оқыту технологиясы

Ақпараттық-компьютерлік технологиялар

Пәнаралық байланыс

Генетика

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Арнайы дайындалған слайдтар
  • Тірек-сызбалар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің типтері мен мутациялық өзгергіштіктің ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық

Өзгергіштіктің түрлері жөніндегі білімді тереңдету және жүйелеу.

Тәрбиелік

Салт-дәстүрді құрметтеуге, өзін-өзі бағалай білуге және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың құрылымы

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа әзірлеу. Психологиялық дайындық: Тәуелсіздік күніне орай тілек айту.

  2. II

    Өткенге шолу

    Үлестірме қағаздар тарату, қысқаша қайталау.

  3. III

    Үй тапсырмасын тексеру

    Оқушыларды екі топқа бөлу: 1-топ — генотип, 2-топ — фенотип.

    • 1-тапсырма: «Менен сұрақ — сенен жауап»
    • 2-тапсырма: «Мені таны» — терминдерге анықтама беру
    • 3-тапсырма: кесте толтыру
  4. IV

    Үй тапсырмасын бекіту

    • Өзгергіштіктің неше түрі бар?
    • Тұқым қуаламайтын өзгергіштік қалай аталады?
    • Тұқым қуалайтын өзгергіштік қалай аталады?
  5. V

    Жаңа сабақ

    Мутациялық өзгергіштік және адам генетикасын зерттеу әдістері.

  6. VI

    Бекіту

    Сұрақ-жауап арқылы негізгі ұғымдарды нақтылау.

  7. VII

    Қорытындылау

    Мутацияның түрлерін және негізгі анықтамаларды жинақтау.

  8. VIII

    Үй тапсырмасы

    §29, §30. 44-сурет бойынша жұмыс.

  9. IX

    Бағалау

    Жинаған ұпайлары бойынша бағалау.

Негізгі ұғым: мутациялық өзгергіштік

Мутациялық өзгергіштік — гендер мен хромосомалардағы тұрақты өзгерістер нәтижесінде пайда болатын тұқым қуалайтын өзгеріс. «Мутация» терминін ғылымға алғаш рет Гуго де Фриз өзінің «Мутациялық теория» еңбегінде енгізген.

Гендік мутация

ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігіндегі нуклеотидтер тізбегінің өзгеруі. Бұл өзгеріс нуклеотидтердің орын алмасуына, кодтың «оқылуы» мен ген жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін.

Гендік аурулардың тұқым қуалау типтері

  • Аутосомды-доминантты
  • Аутосомды-рецессивті
  • Жыныспен тіркескен рецессивті

Хромосомалық мутация

Хромосомалар құрамындағы құрылымның (пішіннің) немесе бөліктерінің өзгеруімен сипатталады. Нәтижесінде гендердің орналасуы мен жұмыс істеуі өзгеруі ықтимал.

Геномдық мутация

Хромосома санының өзгеруімен байланысты мутациялар. Геномдық мутацияларға полиплоидия және гетероплоидия жатады.

Полиплоидия

Хромосомалар санының гаплоидті жиынтыққа еселеніп артуы.

Гетероплоидия

Хромосомалар санының еселенбей артуы немесе кемуі.

Мысалдар

  • Полидактилия

    Алтысаусақтылық (саусақ санының артуы).

  • Синдактилия

    Саусақтардың бірігіп кетуі.

Даун синдромы (мысал)

21-жұп хромосомада бір хромосоманың артық болуы (трисомия 21) нәтижесінде дамиды.

Кейбір белгілері

  • Жалпақ бет
  • Ауыздың ашық тұруы
  • Үлкейген тіл
  • Кішірейген мұрын және т.б.

Маңызды түйін

Полиплоидия мен гетероплоидиягеномдық мутациялардың негізгі түрлері.

Адам генетикасы және зерттеу әдістері

Адам генетикасы — адамның тұқымқуалаушылығы мен өзгергіштігін зерттейтін ғылым. Оның басты мақсаты — тұқым қуалайтын ауруларды ерте анықтау, алдын алу және болашақ ұрпақта болдырмау шараларын жүйелі түрде ұйымдастыру.

1) Генеалогиялық әдіс

Адамның ата-тегіне байланысты шежірелік сызбанұсқа құрып, талдау жасауға негізделеді. Нәтижесінде белгілі бір белгі немесе аурудың бірнеше ұрпақ бойындағы тұқым қуалау ерекшелігі анықталады.

Мысал: гемофилия.

2) Цитогенетикалық әдіс

Сау немесе ауру адамның кариотипіне (хромосома жиынтығына) талдау жасайды. Бұл әдіс арқылы 1956 жылы Дж. Тийо мен А. Леван адамның дене жасушаларында 22 жұп аутосома және 1 жұп жыныстық хромосома болатынын анықтаған.

3) Егіздік әдіс

Егіздердің даму ерекшеліктерін салыстыру арқылы тұқымқуалаушылық пен ортаның әсерін бағалайды. Егіздер бір жұмыртқалы және екі жұмыртқалы болып дамиды.

4) Биохимиялық әдіс

Гендік мутациялар салдарынан пайда болатын зат алмасу бұзылыстарын анықтауға көмектеседі. Жиі кездесетіндерге қант диабеті және басқа да метаболизмдік аурулар жатады.

Артықшылығы

ДНҚ-ға талдау жасау арқылы баланың ата-анасын дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Бекіту сұрақтары

Сұрақ 1

Мутациялық өзгергіштік дегеніміз не?

Сұрақ 2

«Мутация» терминін ғылымға кім енгізді?

Сұрақ 3

Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеудің неше әдісі бар?

Қорытынды

Негізгі анықтама

Мутациялық өзгергіштік — гендер мен хромосомалардағы тұрақты өзгерістер нәтижесінде қалыптасатын тұқым қуалайтын өзгеріс.

Тарихи дерек

«Мутация» терминін ғылымға алғаш енгізген — Г. де Фриз.

Түрлері

Мутацияның негізгі түрлері: гендік, хромосомалық, геномдық.

Үй тапсырмасы

  • §29, §30
  • 44-сурет бойынша тапсырмалар