Қарамен берілген сөзді сөз құрамына талдап, кестеге жазу

Сабақ туралы

Сабақтың тақырыбы

Түбір мен қосымша. «Шынықсаң шымыр боласың»

Пән / сынып

Қазақ тілі, 2-сынып

Оқу мақсаты

Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздеріне сүйене отырып, мәтін мазмұнын болжау.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылардың барлығы

  • Оқулықтағы және қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Жазба жұмысын орындайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі

  • Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
  • Өз бетінше жұмыс жасайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.
  • Үлестірме материалдармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі

  • Оқулықтан тыс қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері

  1. Сөз құрамына талдау жасай алады.
  2. Түбір мен қосымшаны ажырата алады.
  3. Сурет немесе тақырып бойынша әңгіме құрай алады.
  4. Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
  5. Тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар мен әдіс-тәсілдер

Ресурстар

  • Оқулық
  • Суреттер
  • Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар
  • Топтық тапсырмалар
  • Кері байланыс парағы
  • Стикерлер

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу
  • Түсіндіру
  • Ойын
  • Көрнекілік
  • Рефлексия

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақ барысы

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Тақтаға спорт сайысының сызбасы ілінеді:

  • Әр кезең белгіленеді; кезеңнен өткен сайын жалауша жылжып отырады.
  • Бағалау «алтын», «күміс», «қола» жетондар арқылы жүргізіледі.
  • «Жүлделер қоржыны» тақтасы ілінеді (қорытындыны маркермен белгілеп отыру жоспарланады).

Топтарға бөлу

Оқушылар сөреде ілінген стикерлерді алып, сөз мағынасына сәйкес топқа барып отырады.

1-топ: Синоним

Ойын: Хоккей

2-топ: Антоним

Ойын: Биатлон

3-топ: Омоним

Ойын: Мәнерлеп сырғанау

4-топ: Түбір сөз

Ойын: Коньки

Жаңа білім

10 минут

І кезең (топтық жұмыс): Білу және түсіну

  • Әр топ өз спорт түріне сәйкес ассоциациялар ойлап, жазады.
  • Жинақталған сөздерді кестеге түсіреді.
Түбір сөз Қосымша Жасалған сөз
хоккей -ші хоккейші
коньки -ші конькиші

ІІ кезең: Оқулықпен жұмыс

Тапсырма 1: №52

Сурет бойынша әңгіме құра.

Рөлдік элемент

«Спорт комментаторы» рөлінде әр топ оқушыларынан сұхбат алынады.

Жариялау әдісі

Әр топ берілген сұрақтар бойынша өз ұстанымын спикер арқылы 5 минут ішінде жариялайды.

  • Бұл қысқы ойын түрі қалай ойналады?
  • Осы ойын түрлері бойынша жүлдегер атанған қандай қазақстандық спортшыларды білесің?

Тапсырма 2: №53 (жұптық жұмыс)

Тақырыпты экраннан оқып, өлең мазмұнын болжау.

  1. Іштен оқу.
  2. Қарамен берілген сөздерді сөз құрамына талдап, кестеге жазу.

Қолдану

ІІІ кезең

Дәптермен жұмыс: №54

Тиісті сөзді қойып, көшіріп жазу.

Ойын: «Спорт комментаторы»

Дыбыссыз бейнероликті сөзбен хабарлау (комментарий жасау).

Сергіту сәті

2 минут

Ойын: «Қар лақтыру»

Әр топ мүшесі бүгінгі сабаққа қатысты бір сұрақты параққа жазады, парақты умаждап, келесі топқа лақтырады. Осылайша барлық топ сұрақтарға жауап беріп, жұмыс жасайды.

Мұғалім туралы мәлімет

Мұғалімнің аты-жөні: Қуанышбекова Н. Н.

Қосымша материалдар