Бүгін сабақта кім кезекші
Сабақтың тақырыбы
Сәкен Жүнісов — «Ақырғы бәйге» (романнан үзінді).
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға романнан үзіндіні оқыта отырып, оның мағынасын ашуға және негізгі идеясын түсіндіре білуге баулу.
Сабақтың міндеттері
Білімділік
Шығарманы оқыта отырып түсіндіру, мазмұнын талдап, мағынасын аша білуге үйрету.
Тәрбиелік
Шығарманың мазмұны мен идеясын түсіндіру арқылы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың шығармаға қызығушылығын арттырып, ойды жүйелі жеткізуге және мәтіннің мағынасын тұтас аша білуге баулу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сабақтың басталу кезеңіСәлеметсіздер ме, балалар! Отырыңыздар.
Бүгін сабақта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?
Үйге қандай тапсырма берілді?
II. Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ–жауап- М. Мақатаев кім?
- «Фантазия» өлеңінде бүгінгі шындық қалай суреттелген?
- «Барлығы да сендердікі» өлеңі кімдерге арналған?
- «Мен таулықпын» өлеңінен қандай бейнелі құбылыстарды кездестіруге болады?
III. Жаңа сабақ
Кіріспе және бағыттауКіріспе: Сәкен Жүнісов туралы
Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы (1934 жылғы 1 ақпанда туған; Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылту ауданы, Қызылту ауылы) — Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазҰУ-ды 1957 жылы бітірген.
Қызмет жолы
- «Пионер» (қазіргі «Ақжелкен») журналында (1957–1959)
- Қазақ драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі (1960–1964)
- Қостанай педагогикалық институтында оқытушы (1964)
- «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі (1964–1968)
- КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры
- Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1988–1992)
Шығармалары мен қойылымдары
«Аманай мен Заманай» романы (1987) бойынша «Заманай» атты көркем фильм түсірілді. Сонымен бірге «Ажар мен ажал» (1967), «Тұтқындар» (1972), «Жаралы гүлдер» (1973), «Қызым, саған айтам» (1973), «Қос анар» (1974), «Әр үйдің еркесі» (1975), «Қысылғаннан қыз болдық» (1976), «Кроссворд» (1981), «Елім-ай», «Сабалақ Абылай», «Сәукеле» және басқа пьесалары республикалық және облыстық театр сахналарында қойылған.
I. Ой шақыру
«Бәйге», «Құлагер» сөздерін естігенде сендерге қандай ой келеді?
Оқушылар өз ойларын дәптерге жазып, дауыстап оқиды.
II. «Ақырғы бәйге» (романнан үзінді)
Тақырып көлемді әрі күрделі болғандықтан, мұғалім мәтінді алдын ала үйде дайындалып оқып келеді және сабақта оқушыларға мазмұнын жүйелі түрде түсіндіреді.
Назар аударатын тұстар
Негізгі ой, идея, кейіпкерлер әрекеті, оқиға желісі.
Жұмыс форматы
Түсіндіру, талдау, әңгімелеу, сұрақ–жауап.