Сақтардың ғарыш туралы түсінігі

Көшпелілердің әдет-ғұрпы мен діни түсініктері (Қазақстан тарихы, 6-сынып)

Сабақ форматы

  • Өткізу түрі: Ауызша сабақ – 2 (БжС технологиясы).
  • Мақсат: норматив талапқа сай оқу материалын кемінде 63% деңгейінде меңгерту; логикалық және сыни ойлауды, шапшаңдықты, сөздік қорды, ақпараттық құзыреттілікті дамыту.
  • Ынталандыру: пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық қалыптастыру және жетістікке ұмтылдыру.
  • Міндет: технологиялық картаның регламентін сақтау.
  • Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа қол жеткізу.

Көрнекіліктер

Матрица Интерактивті тақта Слайд Сынып тақтасы

Ұйымдастыру кезеңі: мотивация (2 минут)

Мұғалім

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар, оқушылар!

Оқушылар

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Мектебімізге қош келдіңіздер!

Здравствуйте, дорогие гости. Добро пожаловать в нашу школу!

Good morning, dear guests. Welcome to our school!

Бүгінгі сабақ БжС технологиясының «Ауызша сабақ – 2» картасы негізінде өтеді. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі.

Көшбасшы (Айда) және сынып диалогы

  • Айда: Біз мықтымыз ба? Сынып: Иә.
  • Айда: Біз алғырмыз ба? Сынып: Иә.
  • Айда: Біз шапшаңбыз ба? Сынып: Иә.
  • Айда: Біз қойылған нәтижеге жете аламыз ба? Сынып: Иә.
  • Айда: Олай болса: АЛҒА, АЛҒА, АЛҒА! Сынып: АЛҒА, АЛҒА, АЛҒА!

Сабақ ұраны

Білген сайын келеді біле бергім, білімдіні сүйетінін білем елдің.

Іс-әрекет тәсілдері мен білімдер кешенін өзектендіру

Зейінді шоғырландыру үшін бір мәрте қол соғу арқылы оқушылардың назарын сабаққа бағыттау ұсынылады.

Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап

Төмендегі сұрақтар көшпелілердің дүниетанымы, табиғатпен байланысы және сақтардың ғарыш туралы түсініктерін қайталауға арналған.

  1. 1. Көшпенділер немен етене жақын?
    Жауабы: табиғатпен.
  2. 2. Көшпенділердің рухани мәдениетінің ерекше үлгілері нені сақтауға бағытталды?
    Жауабы: табиғат үйлесімін сақтау, аруаққа тағзым ету, сөз қадірін түсіну, ата салтын ұстану.
  3. 3. Сақтардың түсінігінде әлем неше бөліктен тұрады?
    Жауабы: үш әлем — жер асты әлемі, жер әлемі, аспан әлемі.
  4. 4. Есік қорғанынан табылған сақ патшасының бас киімінде не бейнеленген?
    Жауабы: сақтардың ғарыш туралы түсінігі.
  5. 5. Бас киімнің алдыңғы жағында не бейнеленген?
    Жауабы: бүкіл аспан әлемінің бейнесі саналатын күн белгісі.
  6. 6. Көшпелілер әлем бағытын қалай анықтаған?
    Жауабы: беттерін шығысқа бұрып бағдарлаған.
  7. 7. Адамның дүниеге келуі мен өмірдің басталуын немен байланыстырған?
    Жауабы: күннің шығуы және айдың тууымен.
  8. 8. Қола және ерте темір дәуірінде қайтыс болған адамды жерлегенде басын қайда қаратып қойған?
    Жауабы: батысқа.
  9. 9. Олардың дүниетанымы қандай сенім түрімен сипатталады?
    Жауабы: анимизм.
  10. 10. Адамның жер бетіндегі өмірі қалай аталған?
    Жауабы: бұл дүние (фәни).
  11. 11. Қай дүниені мәңгілік деп білген?
    Жауабы: бақи дүниені.
  12. 12. Айылбаста үш жыртқыштың шалқасынан құлаған киікті жұлмалап жатқан көрінісі қайдан табылған?
    Жауабы: Орталық Қазақстаннан.
  13. 13. Бұл бейне сақ дәуірі адамдарының түсінігі бойынша нені суреттейді?
    Жауабы: өмір мен өлім арасындағы күресті.
  14. 14. І Петр мұрағаттарындағы қай жинақтан өмір мен өлім күресі ерекше айқын көрінеді?
    Жауабы: «Сібір коллекциясынан».
  15. 15. Қазақстан аумағында жаппай таралған, сақтардың бейнелеу өнерінің ескерткіші болып табылатын нелер?
    Жауабы: петроглифтер — жартастардағы суреттер.
  16. 16. Таңбалы аңғарында, Қойбағар және Арпаөзен жартастарында сақтардың нелері кездеседі?
    Жауабы: ондаған бейнелері.
  17. 17. Өмір мен өлім үшін күрес қайда көрініс тапқан?
    Жауабы: жартастағы гравюраларда және сақтардың қолданбалы өнер бұйымдарында.
  18. 18. Бейнелер арасында суретші өзіне ұнаған кейіпте қандай жануарларды ерекше бедерлеген?
    Жауабы: бұғыларды, аюды және басқа да жыртқыш аңдарды.
  19. 19. Аң бейнелері бар заттар қасиетті не ретінде саналған?
    Жауабы: тұмар (бойтұмар) ретінде.
  20. 20. Сақтардың түсінігінде сәйгүлік жылқы немен байланыстырылған?
    Жауабы: күнмен және отпен.

«Құтқару шеңбері» сұрақтары (екі «минус» алған оқушыға)

  1. 1. Әрбір ру не тайпаның тотемі ретінде не есептелген?
    Жауабы: бұғы, қасқыр, арқар, жолбарыс, дала бүркіті және т.б. аң-құстар.
  2. 2. Есік қорғанынан табылған патшаның қай бұйымында бейнеленген қанатты аттар күн қозғалысын білдіреді?
    Жауабы: бас киімінде.
  3. 3. Көне түркілердің тас мүсіндері (балбалдары) бетін қайда қаратқан?
    Жауабы: шығысқа.

Мұғалім туралы мәлімет

Мұғалім: Бақтыбаева Зарина Ұзақбаевна

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}