Табиғатты қорғай біл
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Бағыттары
- Білім беру саласы
- Қатынас, Таным, Шығармашылық
- Кіші сала
- Тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, сурет салу
- Тақырыбы
- Құмырсқаға көмек
Мақсаттары
- Жәндіктер туралы білімдерін кеңейту және бекіту.
- Сөздік қорын дамыту.
- Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысын жетілдіру.
- Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
Құмырсқаның ойыншығы мен суреті, өрмекші бейнесі, түрлі түсті жіптер, шарлар, бояулар.
Билингвалдық компонент
- Құмырсқа
- муравей
- Илеу
- муравейник
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Психожаттығу
Табиғат — біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз!
Иіліп сәлем береміз,
Қайырлы күн, қайырлы таң!
Бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Барлығымыз амандасайық.
Жұмбақ
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын:
Қыпша белді,
Қыбыр жүрісті.
Тыным алмайды,
Тындырмай жұмысты.
Жауабы: құмырсқа.
Құмырсқаның өтініші
Құмырсқа сендерге бір нәрсе айтқысы келіп, құлақтарыңның тұсына жақындады. Мұқият тыңдаңдар:
«Маған тиіспе, балақай! Табиғатты қорғай біл. Табиғат — ана, ол сені жақсы көреді. Әрбір шөп, өсімдік, гүл, құмырсқа, өрмекші — бәрі де өмір сүргісі келеді. Өтінемін, осыны есіңде мәңгі сақта».
Балалар, бүгін біз табиғат туралы әңгімелесеміз.
Кенет жел тұрып, құмырсқаны ұшырып әкетеді. Енді не істейміз? Құмырсқаны іздеп, үйіне қайтарайық.
1-тапсырма: Көлден өту
Қане, жолға шығайық. Жолымызда көл тұр. Қалай өтеміз? Дұрыс, қайық жасаймыз.
Тәрбиеші санау таяқшаларымен қайық жасауды көрсетеді. Балалар қайталайды.
Жолымызды әрі қарай жалғастырайық.
2-тапсырма: Алаңқайдағы жұмбақтар
Балалар алаңқайға келіп, жұмбақтарды шешеді:
Жұмбақ 1
Тоқыған ауы — шыбынның жауы.
Жауабы: өрмекші
Жұмбақ 2
Өзі төрт қанатты,
Және алты аяқты.
Сонда да тікұшақ,
Моделі сияқты.
Жауабы: инелік
Жұмбақ 3
Ұшады, қонады,
Гүлдердің қонағы.
Түр-түсі сары-ала,
Не нәрсе?
Жауабы: бал ара
Жұмбақ 4
Таңдайлары тақылдап,
Шулайтын кім шалшықта,
Бірін-бірі мақұлдап?
Жауабы: бақа
Жұмбақ 5
Ызыңдап ән салады,
Жұп-жұқа қанаты.
Тәттіге тамсанып,
Қоқысқа қонады.
Жауабы: шыбын
Балалар, бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? Дұрыс, жәндіктер. Ал қайсысы жәндікке жатпайды? Бақа.
3-тапсырма: Өрмекшінің ауынан құтқару
Балалар, қараңдар: құмырсқа өрмекшінің ауына шатысып қалыпты. Не істейміз? Дұрыс, көмектесеміз. Бірақ алдымен өрмекшіден рұқсат сұрайық.
Диалог
Өрмекші, біздің досымыз — құмырсқаны босатшы.
Өрмекшінің шарты
«Жарайды. Бірақ сендер жіптерімді қоқыстан тазартып, орап беріңдер».
Екі себетке бөліп жұмыс істейміз:
- 1-себет: жіпті орау.
- 2-себет: қоқысты бөлек жинау.
Құмырсқаны үйіне қайтару
Қараңдар, анау ағаштың түбінде илеу тұр. Илеу — құмырсқаның үйі. Құмырсқаны сол жерге апарайық.
Досымыз үйін жоғалтпау үшін ағашты шарлармен белгілейміз. Ал ағаш көңілді көрінуі үшін шарға көз, мұрын, ауыз салып, оны «күлімдеген» шарға айналдырамыз.
Саусақ жаттығуы: «Өрмекші»
Шидиген ұзын сирағы,
Тастай керең құлағы.
Сөйтіп жүріп көп жерге,
Аспалы торлар құрады.
Балалар тақырып бойынша сурет салады.
Қорытындылау
Қоршаған орта — біздің ортақ үйіміз. Онымен дос болу керек.
Дос ниетпен, адал, кең,
Дос бол, табиғатпен!
Біз құмырсқаға көмектестік. Енді топқа қайтатын уақыт келді.
Апайлармен қоштасайық: сау болыңыздар!