Тапсырманы бәрің жақсы орындадыңдар балалар
Сабақтың тақырыбы
Құрылысшы болғым келеді
Сабақтың мақсаты
Ойын-сабақ барысында балалардың дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін кеңейту; өтілген дыбыстарды және олардың әріптік таңбаларын ажырата отырып, ойлау қабілеті мен шығармашылығын дамыту; құрылысшы мамандығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
- Үлгі суреттер
- Текшелер
- Желім, мақта
- Түрлі түсті қағаздар
- Сіріңкелер
Әдіс-тәсілдер
Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен сәлемдесу, оқу іс-әрекетіне назар аударту, сабаққа психологиялық дайындық жасау.
Кіріспе әңгіме
Бүгін біз құрылысшы боламыз және үй құрастырамыз. Үй салу үшін алдымен білімімізді тексеріп, бірнеше тапсырманы орындаймыз.
Дидактикалық ойын: «Құралдардың иесі кім?»
Ойын барысында тәрбиеші допты лақтырып, әртүрлі мамандық иесіне қажетті құралдарды атайды. Балалар сол құралдың қай мамандыққа тиесілі екенін айтады.
- Қайшы, тарақ, айна — шаштараздың құралдары.
- Мақта, ине, дәрі — дәрігердің құралдары.
Жұмбақ
Қолда темір қалағым,
Саздан сарай саламын.
Жауабы: Құрылысшы
Тапсырмалар
I тапсырма
Суреттердің ішінен өтілген дыбыстар бар сөздерді табу; сол сөздерге сөйлем құрау; сөздерді буынға бөлу.
II тапсырма
Тәрбиеші ертегідегі кейіпкерлердің атын атайды. Балалар ертегінің атауын табады.
III тапсырма
Сіріңкелерді пайдаланып, өтілген сандарды және геометриялық пішіндерді құрастыру.
IV тапсырма: «Буынға буын қос»
Мақсаты: балаларға сөздегі екінші буынды тауып, дұрыс айтуға үйрету.
Мысалдар
Қысқа рефлексия
Балалар, тапсырмалар оңай болды ма? Сөздердің екінші буынын тауып айта алдық па? Бәрің де тапсырмаларды жақсы орындадыңдар — енді үй құрастыруға кірісейік.
Үй құрастыру бөлімі
Үлгі суреттердің ішінен балалар өздеріне ұнаған үйлерді таңдап, құрастыруды бастайды.
Сюжеттік бұрылыс
Осы кезде ортаға Мыстан кемпір кіріп келеді:
Мыстан кемпір:
«Ой, сұмдық-ай! Менің үйім жанып кетті. Енді не істеймін? Үштөбе қаласындағы №97 «Ертөстік» балабақшасының «Бәйшешек» тобында құрылысшы ұлдар мен қыздар бар деп естіп келдім. Балалар, маған көмектесесіңдер ме?»
Шешім қабылдау
Балалар көмектесуге келіседі. Тәрбиеші Мыстан кемпірден ұсынылған үйлердің ішінен қайсысын құрастырып беруді сұрайды. Мыстан кемпір бір үйді таңдайды.
Одан кейін балалардың өзіндік жұмысы ұйымдастырылады.
Жұмыстарды талдау және мадақтау
Тәрбиеші балалардың жұмыстарын талдап, ұқыптылығы мен шығармашылығын атап өтеді. Нәтижесінде әрбір Мыстан кемпірдің «басында» өз үйі бардай әсерлі көрініс қалыптасады.
Қорытынды
Сабақ соңында Мыстан кемпір мен балалар бірге би билеп, сабақты көңілді түрде қорытындылайды.