Бірыңғай мүшелерге сұрақ қой
Сабақ тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (4-сынып)
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, оқулық, суреттер, фишка.
Сабақтың мақсаттары
-
1
Бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру; бірыңғай мүшелердің ерекшеліктерін сипаттау және оқушылардың жеке тұлғалық құзыреттілігін дамыту.
-
2
Танымын кеңейту, материалды тез қабылдауға жағдай жасау, өз пікірін айтуға дағдыландыру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру және тіл мәдениетін дамыту.
-
3
Өзіне деген сенімділігін арттыру.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Барлығы бірге:
Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Осы жылылықпен сабағымызды бастаймыз.
2) Үй жұмысын тексеру
Оқулық: 51-бет, 5-жаттығу.
Бағалау жүйесі (фишка):
- Өте жақсы жауап — қызыл фишка
- Жақсы жауап — жасыл фишка
Сұрақ: Балалар, біз қандай болғымыз келеді?
Күтілетін жауап: ақылды, әдемі, білімді.
Сұрақ: Ондай болу үшін біз не білуіміз керек?
Күтілетін жауап: интерактивті тақтаны, компьютерді, планшетті қолдану.
3) Жаңа тақырыпты ашу (интерактивті тақтамен жұмыс)
Сұрақтар
- Гүлдің күлтешесі қандай түсті болады?
- Адамдар өз үйлерін қалай күтеді?
- Бұл қандай ағаштар?
Тапсырма
- Бір сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдар.
- Сөздер қай сөз табымен байланысып тұр?
- Сол сөздермен сөйлем құраңдар.
Қорытынды
Бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздер сөйлемде қатар қолданылса, олар бірыңғай мүшелер деп аталады.
Оқушылар шығаратын ережелер
1-ереже
Бірыңғай мүшелер бір сұраққа жауап береді.
2-ереже
Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
3-ереже
Олар сөйлемде бірдей қызмет атқарады (бірдей мүше).
Оқулықтағы ережемен салыстырып, қорытынды жасаңдар: ережені дұрыс шығардық па?
4) Жаттығулар
Оқулық: 4-жаттығу
- Сурет бойынша сөйлем құрап жаз.
- Сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесі болып тұрғанын анықта.
- Неліктен бірыңғай мүшелер бір ғана сөйлем мүшесі болып тұрғанын түсіндір.
Мысал сөйлемдер
Қасқыр, түлкі, аю, арыстан — жабайы аңдар.
Қой, ат, ешкі, сиыр — төрт түлік малға жатады.
Әжем ақман, қасық, таба, тәрелке, кәстрөл, шыныаяқ сатып алды.
Берілген сөздерден сөйлем құрастыру (2 оқушы тақтада жазады)
5) Сергіту сәті
Финдік жаттығу (қысқа қимыл-қозғалыс сергіту).
6) Тыңдалым тапсырмасы: бірыңғай мүшелерді тап
Мұғалім сөйлемдерді оқиды, оқушылар бірыңғай мүшелерді атайды.
7) 3-жаттығу
- Мәтінді оқып, көшіріп жаз.
- Бірыңғай мүшелердің астын сыз.
- Бірыңғай мүшелерге сұрақ қой.
- Олардың арасына қандай тыныс белгісі қойылғанын анықта.
Сабақты қорытындылау
Сұрақ: Бүгінгі сабақтан не білдік?
Сұрақ: Нені үйрендіңдер?
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау: фишкаларды санап, баға қою.
Үй тапсырмасы: 52-бет, 5-жаттығу; ережені қайталау.
Ойын-жаттығу: «Жылы сөз сыйлайық»
Егер аспан көгіндегі күн болсаңдар, адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер?
Қосымша тапсырма: мәтінмен жұмыс
Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, тыныс белгілерін дұрыс қойып көшіріп жазыңдар.
«Қазақстанның таулары»
Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Сауыр және Іле Алатауы бар.
Тау биіктеген сайын ауа мөлдір, таза болады.
Алтай өсімдіктері әр түрлі болады.
Биік тауларда қар жатады.
Таудан мөлдір бұлақтар ағады.
Іле Алатауында жабайы алма, өрік ағаштары және қайың өседі.