Қалқаманның еліменқоштасу сөзі

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» поэмасы (8-сынып)

Қазақ әдебиеті пәні бойынша сабақ жоспары: оқушылардың сыни ойлауын, ізденісін және шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.

Топтық жұмыс Пікірталас Шығармашылық тапсырма

Қажетті ресурстар

  • Қосымша әдебиеттер және интернет дереккөздері
  • Интерактивті тақта
  • Флипчарт, стикерлер, фломастерлер

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру; «Қалқаман – Мамыр» поэмасының идеясын ашу; білім көкжиегін кеңейту; поэманың негізгі түйінін табуға, дәлелдеуге және талдауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар өз бетінше сыни тұрғыдан ойлап, тапсырманы жүйелі орындайды.
  • Дарынды оқушылар материалды ізденіп, зерттеп, қорғауға үйренеді.
  • Шығармашылық жұмысқа бейімделеді.

Сабақта туындайтын негізгі идеялар

1) Оқушылардың бар біліміне сүйену

Жаңа тақырыпты ашуда оқушының бұрынғы тәжірибесін тірек ету, сұрақ қою арқылы ойды тереңдету.

2) Ауызша тапсырмалар арқылы тіл мен шығармашылықты дамыту

Сөздік қорын молайту, пікір айту мәдениетін қалыптастыру, дәлелмен сөйлеуге ынталандыру.

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1.Амандасу. Сабақтың ерекше өту себебін айту: сыныпқа қонақтардың қатысуы.
  2. 2.Сергіту сәті: «Жылулық шеңбері» — бір-біріне жылы лебіз айту.
  3. 3.Кеспе қағаздар арқылы 2 топқа бөліну: «Қалқаман» және «Мамыр».
  4. 4.Әр топтан топ басшысын сайлау.

Үй тапсырмасын тексеру

Абайдың 17-қара сөзінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап жүргізіледі.

Талқылау сұрақтары

  • 17-қара сөз не туралы?
  • Негізгі кейіпкерлер кімдер?
  • Ақын бұл шығарма арқылы нені жеткізгісі келді?
  • Абайдың ойымен келісесің бе? Неге?
  • Ақыл, қайрат, жүрек кімге жүгінеді?

Қосымша байланыс

Дарынды оқушы Шәкәрім мен Абайдың туыстық байланысы туралы қысқаша мәлімет береді.

III. Ой қозғау және жаңа сабақ

  1. 1. Сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыпты ашу. Сұрақтар қою арқылы оқушылардың Шәкәрім туралы алдын ала оқып келген білімін тексеру.
  2. 2. «Қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі тұлғалы ақын» ретінде Шәкәрім туралы ой бөлісу. Бейнематериал көрсету.
  3. 3. Тобықты руы туралы қысқаша түсіндіру және мәтінмен байланысын нақтылау.

Назар аудартатын өзек

Поэмадағы тартыс — махаббат еркіндігі мен дәстүр шеңберінің қайшылығы. Оқушы мәтіннен дәлел келтіріп, ой қорытындысын жасайды.

Оқулықпен жұмыс: «Ізден тап»

Мәтіннен қажетті үзінділерді тауып, кейіпкерлердің ішкі күйі мен көзқарасын анықтау.

  • Мамырдың соңғы сөзін табу және мағынасын талдау.
  • Қалқаманның елімен қоштасу сөзін табу және негізгі ойды белгілеу.

Дәптер және флипчартпен жұмыс

I топ: Өлең құрылысына талдау

Поэмадан берілген үзіндіні өлең құрылысы тұрғысынан (буын, ұйқас, тармақ, шумақ) талдайды.

II топ: Композициялық талдау

Поэманың композициясын (басталуы, дамуы, шиеленісі, шарықтау шегі, шешімі) жүйелейді.

Жаңа сөздер

Слайдтағы жаңа сөздер дауыстап оқылып, мағынасы түсіндіріледі. Оқушылар сөйлем құрастырып, қолданысын бекітеді.

Пікірталас және қорытынды

Пікірталас форматы

  • Жақтаушы топ: Қалқаман мен Мамырдың қосылуын қолдайтын дәлелдер.
  • Даттаушы топ: қарсы уәждер мен дәстүр өлшемі тұрғысынан талдау.

Мұғалімнің қорытынды пікірі

Оқушылар өз пікірін дәлелдеп, ойларын нақты жеткізе білді. «Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс па, бұрыс па?» деген сұраққа біржақты үкім айту қиын. Ол кезеңде әйел тағдыры көбіне шектеуде болды: еркіндік тарылып, қызды малға сатып жіберу секілді қатыгез салттар орын алды. Сондықтан еркіндікке ұмтылған Қалқаман мен Мамыр жүрек қалауын мақсат етіп, адал махаббатты таңдады. Шәкәрімнің де түпкі мұраты — осы құбылысты ой елегінен өткізіп, адамдық өлшеммен бағалату.

Басты түйін

Негізгі мақсат — «Қалқаман – Мамыр» оқиғасынан ғибрат алып, махаббат, еркіндік, жауапкершілік және дәстүр туралы ой қорыту.

Үй тапсырмасы

«Егер мен Қалқаман болсам...» тақырыбында ойтолғау жазу.

Бағалау

Бағалау топ басшыларының ұсынған критерийлері мен қорытынды ұпайлары негізінде жүргізіледі.