Етістік (презентациясымен)2 - классСабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы: Етістік (2-сынып)

Бұл сабақта оқушыларға заттың қимылын білдіретін сөздер туралы кеңірек түсінік беріледі. Оқушылар қоршаған ортадан мысал келтіріп, сұрақ қою арқылы етістікті табуға үйренеді. Сонымен қатар әдемі, сауатты жазуға дағдыланып, еңбекқорлыққа, мейірімділікке тәрбиеленеді.

Мақсаты

  • Етістік туралы түсінікті кеңейту.
  • Сұрақ қою арқылы етістікті табуға дағдыландыру.
  • Сауатты, көркем жазуға және жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

Міндеттері

Білімділік

Етістікті сұрақ қою арқылы табуға үйрету, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, еңбекқорлыққа және мейірімділікке баулу.

Дамытушылық

Жаттығулар арқылы ой-өрісін, қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту.

Ұйымдастыру

Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
Ойын, сұрақ-жауап, ой қозғау, шығармашылық тапсырма, семантикалық карта
Көрнекілік
Слайдтар, суреттер, кеспе қағаздар, видео

Сабақ барысы

I. Психологиялық дайындық

Сәлеметсіздер ме, қонақтар?
Қайырлы таң, достым!
Қайырлы таң, құрбым!
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын.

II. Үй жұмысын тексеру

415-жаттығу: берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрастыру.

III. Үй жұмысын бекіту

Қайталау сұрағы: Етістік дегеніміз не?

IV. Жаңа сабақ

Дәптерге күннің жадын және тақырыпты жазу. Көркем жазу: суретте берілген жануарлар мен құстардың атауын әдемілеп жазу.

Кейіпкерлерді танимыз ба? Зер салып қарайық: Маша мен Аю. Олардың басынан өткен оқиғаларды шешуге көмектесеміз.

Жаттығулар тізбегі

  • 416-жаттығу: берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде.
  • Шегені алуға көмектесейік.
  • 417-жаттығу: «Білім керек бәріне» тақырыбына әңгіме құра.
  • Маша мен Аюға үйді сырлауға көмектесейік.

418-жаттығу: «Мақта» мәтіні

Мақта — бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Мақта құнарлы топырақты және ылғалды ұнатады. Ол суармалы жерде өсіріледі. Пісіп-жетілген кезде қауашағы ашылады. Одан үлпілдек ақ мақта көрінеді.

Мәтіндегі етістіктер

алынады ұнатады өсіріледі ашылады көрінеді

Аюға еденді тазартуға көмектесейік.

V. Сергіту сәті

«Машинка» ойыны:

  • Әріптерді рет-ретімен айтамыз.
  • Сөз аяқталса — орнымыздан тұрамыз.
  • Тыныс белгі керек жерде — аяқпен жерді тепкілейміз.
  • Өлең жолы аяқталса — шапалақтаймыз.

VI. Шығармашылық тапсырма

Ертегі кейіпкерлеріне тән іс-қимылдарды ұйқас түрінде жазу:

Арыстан ақырады

Әтеш шақырады

Түйе боздайды

Қой қоздайды

Бақа бақылдайды

Құс шиқылдайды

419-жаттығу

Жұмбақты жатқа жаз, шешуін тап:

Түнде жортады,
Жарықтан қорқады.

Жауабы: Үкі

VII. Бекіту

Сұрақ: Маша мен Аю қандай құралдарды пайдаланды? Сол құралды қатыстырып сөйлем құрастыр.

Сөздер Зат есім Етістік
1 кітап
2 оқыды
3 ата
4 қарады
5 жүгірді

VIII. Үй тапсырмасы

  • Ережені жаттау.
  • Үкі туралы мәлімет жинақтау.

IX. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және етістікті дұрыс табуы бойынша бағалау жүргізіледі.