Тірек сөздер арқылы әңгімі әдісі
Сабақтың мазмұны
Бұл жоспар монғол ертегісі «Түйе мен тышқан» шығармасын оқытуға арналған. Негізгі назар — ертегінің мазмұны мен идеясын ашу, мүшел ұғымын түсіндіру және оқушыларды талдау, салыстыру, талқылау арқылы қорытынды жасай білуге үйрету.
Білімділік
- Ертегінің мазмұны мен идеясын ашу
- Мүшел туралы түсінік беру
- Талдау, талқылау, салыстыру, қорытынды жасау
Дамытушылық
- Өз бетімен жұмыс арқылы ойлау қабілетін дамыту
- Тіл байлығы мен сөздік қорды молайту
- Есте сақтау қабілетін жетілдіру
Тәрбиелік
- Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
- Адалдықты қадірлеу
- Шапшаңдық пен алғырлыққа баулу
Сабақ форматы
Түрі мен типі
- Түрі:
- аралас сабақ
- Типі:
- жаңа білімді меңгерту
Әдістер
- сұрақ-жауап
- топтастыру
- салыстыру
- ассоциация құру
- синквейн
- тірек сөздер арқылы әңгімелеу
- «балық қаңқасы»
Көрнекіліктер
Қазақша жыл санау кестесі, слайдтар, балық кескіні, «Күн шұғылалары» кестесі, сөзжұмбақ, түйе мен тышқан ойыншықтары.
Психологиялық ахуал
Жаңа ғасыр, жаңа үміт, жаңа арман,
Жақсы тілек, жайнаған күн шығар алдан.
Білім деген шалқар теңіз шалқыған,
Тереңіне сүңги алар талпынған.
Отанын сүйетін азамат болып өсетініңе сенемін. Біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасы. Біз басқа елдермен достық қарым-қатынаста өмір сүреміз. Соның бір айғағы — 1–2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ (ОБСЕ) саммиті.
Мағынаны тану: ертегіге кіріспе
Ой қозғау
- Сөзжұмбақтағы ерекшеленген әріптерді қоссақ, қандай сөз шығады?
- Ертегінің қандай түрлері бар?
- Монғолия — бізбен достық байланысы бар елдердің бірі. Бүгін оқитын ертегіміз соған қатысты.
Жұмбақтар
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Жауабы: Түйе
Мысықтан бұл қорқады,
Бұдан тілі қорқады.
Жауабы: Тышқан
Ассоциация құру
«Түйе» және «тышқан» сөздерін естігенде ойларыңа не келеді? Сурет бойынша жұмыс жасап, олардың ерекшеліктерін, мінезін, тіршілік ету ортасын сипаттаңдар.
Тірек сөздер арқылы әңгімелеу
Төмендегі тірек сөздер ертегінің мазмұнын құрауға көмектеседі:
Бағыттаушы сұрақтар
- Түйе не істеді? Ал тышқан ше?
- Күннің алғашқы шапағы таулардың шыңдарына түскенде не болды?
- Неге тышқан күнді бірінші болып көрді?
- Ұтылған түйе не істеді?
- Содан бері түйе күл көрсе неге аунайды?
Негізгі ой
Бұл ертегі мақтаншақтықтың жағымсыз қасиет екенін аңғартады. Түйе өз бойына сеніп, байқампаздық пен айлакерлікті елемей қалады. Ал кішкентай тышқан шапшаңдық пен зеректік танытып, жеңіске жетеді.
Дәптермен жұмыс
Мақал-мәтелді толықтыр
Бойыңа сенбе, ойыңа сен.
Түсінік
12 жыл — бір мүшел.
Мүшел — уақыттың өлшем бірлігі. Қазақ дәстүрінде адамның жасы мүшелмен де есептеледі.
Шығармашылық жұмыс
Ертегіні сахналау
Оқушылар рөлдерге бөлініп, ертегідегі негізгі көріністерді сахналайды. Мақсат — кейіпкерлер мінезін дауыс ырғағы, қимыл, әрекет арқылы жеткізу.
Қазақша жыл санау
Жыл аттарын ретімен жаттау:
- Тышқан
- Сиыр
- Барыс
- Қоян
- Ұлу
- Жылан
- Жылқы
- Қой
- Мешін
- Тауық
- Ит
- Доңыз
Өлеңмен түйіндеу
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Талма, именіп ділмардан.
С. Мұқанов
Қорытынды және мерекелік ой
Синквейн (үлгі)
Мереке
Көңілді, қызықты
Қуантады, тойлатады, табыстырады
Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болсын!
16 желтоқсан
Тілек
Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болсын. Жылдан-жылға аман-есен жетіп, ел еңсесі биік, жұрт тыныштығы берік болғай.
Поэтикалық қорытынды
Тербетіп тұрса болды жыр-бесігім,
Дәулеттің тілемеймін көл-көсірін...
Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа,
Жалғыз-ақ — құтты болғай енді осы күн!