Шығармашылық сайыс

Іс-шара туралы жалпы мәлімет

Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жиымбаева Рысжан Ермұханқызы өткізетін сыныптан тыс шара: «Білімділер мен тапқырлар» сайысы.

Сайыстың негізгі мақсаты — 5-сынып оқушыларының пән бойынша білімін, ойлау қабілетін, тапқырлығы мен шапшаңдығын тексеру, жан-жақты білім деңгейін байқату. Сонымен қатар қазақ тіліне, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту көзделеді.

Көрнекіліктер

  • Сайыстың атауы жазылған кеспе қағаздар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

12–17 наурыз аралығында мектебімізде қазақ тілі апталығы өтеді. Осыған орай бүгін 5-сыныптар арасында қазақ тілінен білімін, ойлау қабілетін байқату мақсатында сайыс ұйымдастырылып отыр.

Әділқазылар алқасы

Жоғары сынып оқушылары:

  • Коригов Сұлтан
  • Күзембаева Тоғжан
  • Үмбетова Жәния

Сайыс құрылымы

I. Таныстыру

Топтар өз атауын таныстырып, ұранын айтады.

  • I топ
    Сұңқарлар
  • II топ
    Жас қыран
  • III топ
    Айгөлек

II. Сұрақтар сайысы

Жалпы білім мен тілдік сауаттылықты тексеруге арналған сұрақтар.

  • Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар.
  • «Туған жер» сөзінің синонимін айтыңдар.
  • «Үлкен» сөзінің антонимі қандай?
  • Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстардың неше түрі бар?
  • Тәуелсіздік күнін атаңдар.
  • Наурыз көже неше тағамнан жасалады?
  • Адамның дене мүшелерін атап беріңдер.
  • Бір жылда неше мезгіл бар?
  • «Сильный» сөзінің қазақша аудармасын табыңдар.
  • Биенің сүті қалай аталады?
  • Жылқының төлі қалай аталады?
  • Түйенің төлі қалай аталады?
  • Көктемдегі алғашқы мерекені атаңдар.
  • Мынау кімнің портреті? (көрнекілік бойынша)
  • Көктем айларын атаңдар.
  • Бәріне ортақ сұрақ: берілген суреттердегі көріністерге ат қойыңдар.

III. Мақал-мәтелдер сайысы

Әр топқа берілген тақырып бойынша мақал-мәтелдер айту.

Жас қыран
Достық туралы
Сұңқарлар
Туған жер туралы
Айгөлек
Өнер-білім туралы

IV. Шығармашылық сайыс

Әр топ берілген сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады.

Музыкалық сәлем: 4-сынып оқушысы Момынбаева Әсемжан.

V. Топ басшыларының жарысы

Әр топ басшысына бірдей тапсырма беріледі.

  • «Жаңылтпаштар» сөзінен жаңа сөздер құрастыру.

VI. «Кім жылдам?»

Шапшаңдық, аударма және ептілік тапсырмасы.

  1. 1 Сандық ішінен орыс тіліндегі сөздерді алып, қазақ тіліне аударады.
  2. 2 Ыдыстағы суды қасықпен келесі орынға жеткізіп, екінші ыдысқа құяды.

VII. Музыкалық тапсырыс

Топтар өнер көрсетеді.

Жас қыран
Евсиков Виктор

«Отан» өлеңін жатқа оқиды.

Сұңқарлар
Матжанова Динара

«Сүйген жүрек» әнін орындайды.

Айгөлек
Варченко Иван

Пианинода ойнайды.

VIII–IX. Қорытынды бөлім

Нәтиже шығару және марапаттау кезеңі.

  • Мұғалімнің қорытынды сөзі.
  • Әділқазылар алқасына сөз беріледі.