Сабақ тақырыбы. Сабақты қорытындылау
Сабақ тақырыбы
Публицистикалық стиль (3 сағат). Жаттығу жұмысы.
Сабақ түрі
Сайыс сабағы
Сабақ әдісі
Сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Топпен жұмыс арқылы публицистикалық стильде орындалатын жұмыстарды қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық
Бірлесіп ізденуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Достыққа, сыйластыққа, бірауыздылыққа, намысты қолдан бермеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың назарын сабаққа шоғырландыру, топтық жұмысқа дайындық жасау.
II. Үй тапсырмасын сұрау
I слайд
«Ескіні есіңе алмай, жаңа жадыңа түспейді»
Өткен тақырыпты еске түсіру: схема бойынша оқушының түсінігі сұралады.
Схема
- Мақсаты
- Стильдік сипаты
- Қолдану аясы
- Тілдік амал-тәсілдері
Негізгі ұғым
Публицистикалық стильдің ерекшелігі мен мақсаты түсіндіріліп, топтық жұмысқа кірісу.
III. Жаңа сабақ бойынша жұмыстар
II слайд
«Ой түбі алтын, ойлай берсең аларсың»
Үй тапсырмасына берілген 75-жаттығу бойынша сұрақтарға жауап беру.
III слайд
«Білімдіден ақыл шығар, ақылды қарттан нақыл шығар»
Тақырыпқа сай даналық сөздерді іріктеу және талдау.
I топ
Білім туралы нақыл сөздер тауып, жазу.
II топ
Еңбек туралы нақыл сөздер тауып, жазу.
Қосымша тапсырма
Әр топ бір мақалдан ұсынып, синтаксистік талдау жасайды (тақтада орындату).
IV слайд
«Алтынды ала білген, бөле де біледі»
Бауыржан Момышұлы
Оқушылар Бауыржан Момышұлы туралы білетіндерін ортаға салады. Жазушының 100 жылдығы атап өтіледі (сурет/слайд).
Тапсырма: сұхбат жүргізуге сұрақтар дайындау.
Мақаш Бекмағамбетов
Мақаш Бекмағамбетов туралы мәліметтер сұралады. Тұлғаның 180 жылдығына орай мектепте өткен шара туралы мақала жазу.
V слайд
«Білім — қымбат, білу — қиын»
Сұрақтар жасырылып беріледі. Деңгейіне қарай ұпаймен бағаланады.
10 ұпай
- Қазақ тілінде стильдің неше түрі бар?
- «Стиль» сөзінің мағынасын айтыңыз.
- Ауызекі сөйлеу стилінің қызметі қандай?
20 ұпай
- «Тіл туралы» заң неше тарау, неше баптан тұрады?
- Қазақ тілімен туыстас тілдерді атаңыз. Қай тілдер тобына жатады?
- Тіл туралы мақал-мәтелдер айтыңыз.
30 ұпай
-
Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашыңыз:
- Қанына тарту
- Қызыл сөзден бал жағу
- Сөздің тігісін жатқызу
- Тепсе темір үзеді
- Үріп ауызға салғандай
- Шаңырақ көтереді
- «Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ», — дейді Б. Момышұлы. Осы пікірге қандай ой қосасыз?
- Сыныбыңызға мінездеме беріңіз.
IV. Сабақты қорытындылау
IV слайд
«Әркімнің шыққан тауы биік»
Публицистикалық стильде жазылған шығарма:
- Қоғамдық өмірмен тығыз байланысты болады.
- Жұртшылықты жедел хабардар етеді.
- Жинақы әрі тұжырымды құралады.
- Шешендік сөздер жиі қолданылады.
V. Үй тапсырмасы
VII слайд
«Ойлай берсең — ой да көп, сана да көп; ойнай берсең — ой да жоқ, сана да жоқ»
17-жаттығу.
VI. Бағалау
VIII слайд
«Талап таудан да асырар»
Сабақ барысында белсенділік танытып, нақты әрі мазмұнды жауап берген оқушылар топ алдында мадақталып, бағаланады. Сонымен қатар болашақта тілші болуға қабілеті бар оқушыларға бағыт-бағдар беріледі.