Абайға арнап өлең шығару
Сабақтың тақырыбы
Абай және оның әндері
Білімділік
Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, қазақ музыка өнеріндегі орны және әндерінің ерекшелігі туралы музыкалық білім беру.
Тәрбиелік
Абай мұрасын жалғастыратын саналы, өнерлі, білімді азамат тәрбиелеу. Абай әндері арқылы эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру.
Дамытушылық
Музыкалық сөз қорын байыту, музыканы тыңдап түсіне білу дағдыларын дамыту, ән айту қабілеттерін жетілдіру.
Сабақ форматы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың типі
Жаңа материалды меңгеру
Әдістер
Түсіндірмелі-иллюстративті, баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
Бейнетаспа, суреттер, ноталық үлгі
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылар сыныпқа Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен кіреді.
- Сабаққа қатысуды және оқу құралдарын тексеру.
II. Жаңа сабақ
А) Қызығушылықты ояту
«Абай» деген сөзді естігенде ойларыңа, көз алдарыңа не келеді? Оқушылар ойларын қағазға түсіріп, ассоциациялық аймақ құрады.
Мағынаны тану
- Абайдың туған жері туралы бейнетаспадан үзінді көрсету.
- Мұғалімнің Абай Құнанбаевтың өмірі мен әндері туралы түсіндірмесі (тақтада Абайдың суреттері көрсетіледі).
Абай Құнанбаев туралы қысқаша мәлімет
Абай Құнанбаев (1845–1904) — ақын, ағартушы, композитор, аудармашы. Ол өз мұраларында адам бойындағы жағымсыз мінез-құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді биік қойды. Сонымен бірге басқа халықтардың мәдениеті мен өнерін танып-білуге үндеді.
Композитор ретіндегі орны
Абай қазақ музыка мәдениетіне елеулі үлес қосты. Әндерінде махаббатты, табиғат көріністерін және жыл мезгілдерін терең лиризммен жырлады.
Танымал әндері
- «Желсіз түнде жарық ай»
- «Қараңғы түнде тау қалғып»
- «Көзімнің қарасы»
- «Сегіз аяқ»
- «Өзгеге көңілім тоярсың»
Аудармалары және музыкасы
Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов сияқты орыс ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударып, кейбіріне ән жазған.
Музыка тыңдау: «Желсіз түнде жарық ай»
Абай табиғаттың әсем сырын, құбылыстарын және адамның ішкі сезімін жырға қосты. Табиғат пен махаббатқа арналған әндерінің бірі — «Желсіз түнде жарық ай».
Шығарманың шығу тарихы
Бұл әнді Абай 1888 жылы Ақшоқыға қарап тұрып айтқан деген дерек бар. Ақшоқы — Абай жырының бесігі. Өлең 1909 жылы кітап болып басылып шыққан.
Көркем бейне
Жарық ай сәулесінің суға түсіп дірілдеуі, терең сайды бойлай ағатын өзен, қалың ағаштың сыбырлаған жапырағы, көкорай шалғын — табиғаттың сан алуан суреттері көз алдыңа келеді. Ән әуені сабырлы, біртегіс, жеңіл әрі құлаққа жағымды. Өлең мен әуен бірігіп, жарық ай астындағы тымық түнді тұтас көркем бейне ретінде елестетеді.
Музыка сауаты: динамикалық белгілер
Әннің шумақтарында дыбыс күшін қатты, ақырын немесе орташа етіп орындауды білдіретін белгілер кездеседі. Дыбыс күшін азайту не күшейту белгілері динамикалық белгілер деп аталады (грек тілінде dynamikos — «күшейту»).
| Белгі | Атауы | Мағынасы |
|---|---|---|
| p | piano (пиано) | ақырын, жай |
| f | forte (форте) | қатты |
| mf | mezzo piano (меццо-пиано) | орташа |
| ff | fortissimo (фортиссимо) | өте қатты |
| pp | pianissimo (пианиссимо) | өте жай |
| dim. | diminuendo (диминуэндо) | бірте-бірте жайлата |
Ноталық үлгі
«Желсіз түнде жарық ай» әнінің нотасынан динамикалық белгілерді көрсету және қай шумақта қалай орындалатынын талдау.
Классикалық музыка туралы түсінік
Классикалық музыка — ең жоғары көркемдік талапқа сай, мазмұны терең, уақыт сынынан өткен және музыка өнерінің алтын қорына енген шығармалар. Абай тек орыс әндерін ғана емес, классикалық музыканы да таныған. Орыс және Еуропа музыкасы туралы түсінігінің кеңеюіне Санкт-Петербургте оқыған баласы Әбдірахманның ықпалы зор болған.
Ән үйрену
Сабақта табиғатты бейнелейтін «Желсіз түнде жарық ай» әнін үйренеміз. Бұл ән өлеңінің тұтастығымен, ойының айқындығымен және әуенінің нәзіктігімен ерекшеленеді.