Сыныптағы есімі ұяң дауыссыздан басталатын ұлдардың есімін ата

5-сынып • Қазақ тілі

Тіл ұстарту сабағы: «Дыбыстар әлемі»

Бұл сабақ фонетика бойынша өткен тақырыптарды жүйелеп, оқушылардың дыбыстар туралы білімін нақтылауға бағытталған жарыс түрінде ұйымдастырылады. Сабақ барысында оқушылар сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыланады.

Сабақ түрі

Жарыс сабағы

Әдістері

Сұрақ-жауап, ой бөлісу, талдау

Көрнекілігі

Слайдтар, бағалау жетондары

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Фонетика бойынша өтілгендерді қайталау.
  • Меңгеру деңгейін бақылау.
  • Дұрыс сөйлеу мен сауатты жазуға іздендіру.

Дамытушылық

  • Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру дағдысын қалыптастыру.
  • Логикалық ойлау дағдысын дамыту.
  • Фонологиялық талдау жасауға үйрету.

Тәрбиелік

  • Ұлттық салт-дәстүрді сақтауға және орынды қолдануға тәрбиелеу.
  • Бір-бірін сыйлауға, ұйымшылдыққа баулу.
  • Ана тілін қадірлеуге, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылармен сәлемдесу.
  2. 2 Оқушыларды 2 топқа бөлу: 1-топ: Дауыстылар 2-топ: Дауыссыздар

Бүгінгі сабақтың атауы

«Дыбыстар әлемі»

II. Топ басшыларының таныстыруы

1-топ: «Дауыстылар»

Біз дауысты дыбыспыз, 12 әріптен құралған.
Сөз буыны боп тұрамыз,
Дара да, топ та тұра алған.

2-топ: «Дауыссыздар»

Біз дауыссыз дыбыспыз,
Жиырма алты дыбыстан тұрамыз.
Өзіміз үшке бөлініп,
Әр түрлі сөз құрамыз.

III. Қызығушылықты ояту

Ой шақыру сұрақтары

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Дыбыс не үшін қажет?

Тіл бірліктерінің тізбегі

Дыбыс Буын Сөз Сөз тіркесі Сөйлем Мәтін

Ескерту: 2-топ өздері туралы шағын мәтін құрап, сынып алдында айтады.

IV. Бір дыбыстан басталатын сөйлемдер

Әр топ өз атауына сәйкес дыбыстардан басталатын сөйлемдер құрастырады. Мақсат — бірдей дыбыстың мәтіндегі қызметін байқату және сөйлем құрау дағдысын бекіту.

1-топ мысалдары

  • Айнұрдың анасының аты — Алмагүл.
  • Айдардың атасы Астанаға асығыс аттанды.
  • Ермек пен Ержан еріншек елінен емес.
  • Ұлар ұясынан ұшты.

2-топ мысалдары

  • Таудың табиғатын төртеуміз тамашаладық.
  • Біз бақытты баламыз.
  • Кеше кешкісін Көркем көлеңкеге көйлекшең келді.

V. «Кім жылдам?» ойыны

1-топ тапсырмалары

  1. 1 Сыныптағы есімі ұяң дауыссыздан басталатын ұлдардың есімдерін ата.
  2. 2 Қатаң дауыссыздан басталатын, сабақ беретін ұстаздардың есімдерін ата.
  3. 3 «А» дыбысынан басталатын қала атауларын ата.

2-топ тапсырмалары

  1. 1 Сыныптағы қыздардың есімдері қандай дыбыстан басталады?
  2. 2 Бірдей дыбыстан басталып, бірдей дыбысқа аяқталатын сөздерді ата (мысалы: қызық, қалақ, нан, нән, шаш, тат, қақ, ана, ара, ата, ене, есе және т.б.).
  3. 3 Қатаң дауыссыздан басталатын ұлттық ойындарды ата (тоғызқұмалақ, көкпар, ханталапай).

VI. Мақал-мәтел жарысы

Екі топ мақал-мәтел айтып жарысады. Әр мақалдың ішінен бір сөзге «математикалық тәсілмен» мінездеме беріледі (дыбыс саны, әріп саны, дауысты/дауыссыз, буын саны т.б.).

Мысал мақал

«Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен.»