Тренинг ұйымдастыру
Сабақ тақырыбы
Адамның негізгі ұлпалары: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке (презентациямен).
Сабақ мақсаты
Білімділік
Адамның негізгі ұлпалары (эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке) туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту, оқу үдерісіндегі белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік
Табиғатты танып-білу және оны қорғау бойынша өзіндік пікір қалыптастыру.
Негізгі идея
Сыни ойлауға оқыту — білім алуға үлес қосатын өзара іс-қимылдың тиімді түрі. Оқушылар бірлескен жұмыс арқылы ақпаратты талдап, дәлелдеп, қорытынды жасауға үйренеді.
Күтілетін нәтиже
- Жаңа тақырыпты меңгеріп, топта тиімді жұмыс істей алады.
- Белсенділігі төмен оқушылардың қызығушылығы мен ынтасы артады.
- Түсінгені бойынша пікір білдіріп, ой қорыта алады.
Негізгі ұғым
Ұлпа — шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы.
Адам ағзасындағы ұлпаларды төрт топқа бөлуге болады: эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке.
Сабақтың құрылымы
Мұғалімнің іс-әрекеті
- 1 Топтық жұмысты ұйымдастыруға дайындық; оқушыларды 1–4 топқа бөлу.
- 2 Қызығушылықты ояту: бейнематериал арқылы тақырыпты ашу.
- 3 Мағынаны тану: ТСН арқылы түсінік қалыптастыру.
- 4 Әр топқа тақырыпшаларды бөліп беру.
- 5 Тапсырмалар ұсыну (суреттермен жұмыс, талдау).
- 6 Тренинг ұйымдастыру: сұрақ-жауап.
- 7 Глоссарий бойынша жұмыс ұйымдастыру.
- 8 Ой толғаныс: зертханалық жұмыс.
- 9 Тест тапсырмасын өткізу.
- 10 Үй тапсырмасын беру.
- 11 Бағалау жүргізу.
Оқушының іс-әрекеті
- 1 1–4 топқа бөлінеді.
- 2 Өз ойларын айтады, бастапқы пікір қалыптастырады.
- 3 Материалды зерделейді, негізгі ұғымдарды анықтайды.
- 4 Топтық тақырып бойынша дайындалып, қорғап шығады.
- 5 Берілген суреттер бойынша тапсырмаларды орындайды.
- 6 Қысқа сергіту сәтіне қатысады.
- 7 Терминдермен жұмыс жасайды (глоссарий).
- 8 Микроскоп арқылы ұлпа үлгілерін қарайды.
- 9 Тест орындайды.
- 10 Үй тапсырмасын күнделікке белгілейді.
- 11 Бағалау маршрутын толтырады; топбасшының шешімін тыңдайды.
Ресурстар
Суретті қағаздар
Тапсырмалар мен визуалды материалдар.
Флипчарт
Топтық талдау мен қорғауға арналған.
Маркерлер
Сызба, кесте, анықтама жазу.
Кеспе қағаздар
Жедел жауап, сәйкестендіру, терминдер.
Бағалау кестесі
Өзін-өзі бағалау, топтық және қорытынды бағалау.