Зат есімнің сұрағы
Сабақ туралы мәлімет
Тақырып
Етістік
Сабақтың түрі
Ойын-сабақ (сайыс форматы)
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Жазбаша түсіндіру
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Ребус
- Кестелер
Мақсат пен міндеттер
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға етістік туралы түсінік беру, қимыл-әрекетті білдіретін сөздерді ажырата білуге бағыттау.
Сабақтың міндеттері
1) Білімділік
- Заттың қимылын білдіретін сөздерді ажырату және табу.
- Етістіктің дара және күрделі түрлері туралы ұғымды кеңейту.
- Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
2) Дамытушылық
- Сөздік қорды молайту.
- Сөйлемді жүйелі құра білуге үйрету.
- Өздігінен қорытынды шығару дағдыларын дамыту.
- Сауатты, көркем жазуға төселдіру.
3) Тәрбиелік
- Логикалық ойлауын ояту.
- Әдептілікке, ұқыптылыққа баулу.
- Еңбексүйгіштікке, татулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеп, сабаққа әзірлеу.
-
Сабақтың сайыс түрінде өтетіні түсіндіріледі: оқушылар үш топқа бөлініп, білімдері бойынша жарысады.
I топ
Алғырлар
II топ
Тапқырлар
III топ
Ойшылдар
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен материалды қайталау мақсатында үйге берілген жаттығуды әр топтан үш оқушы оқиды. Жауаптар талданып, түзетулер енгізіледі.
III. «Миға шабуыл»: «Дұрыс тап» ойыны
Оқушыларға суреттер мен сөздер/сөз тіркестері үлестіріледі. Тапсырма — зат есім мен етістікті дұрыс байланыстырып, сөйлем құрау.
Мысалдар
- Зат есім + етістік Жылқы кісінейді.
- Зат есім + етістік Түйе боздайды.
- Зат есім + етістік Ит үреді.
IV. Ауызша жұмыс: «Тығырықтан шығу»
Топтар кезекпен сұрақтарға жауап береді. Мақсат — сөз таптары туралы білімді нақтылау және жаңа тақырыпқа дайындық жасау.
- Сөз таптары туралы түсінік бер.
- Зат есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата.
- Сан есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата.
- Сын есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата.
- Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? (Не істеді? Қайтты?)
V. Жаңа сабақты меңгерту
Сөзжұмбақты дұрыс шешу арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Ең нашар баға?
- Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі?
- Сүттен жасалатын тағам?
- Ең жақсы баға?
- «Кім? не?» сұрағына жауап беретін сөз табы?
- 7 ондық неше болады?
- Зат есімнің сұрағы?
Қорытынды
Сөзжұмбақтың шешуі арқылы бүгінгі жаңа тақырып анықталады:
Етістік
Қимыл-әрекетті білдіретін сөз табы
VI. Дәптермен жұмыс
Өткен сыныпта етістік туралы алған білім еске түсіріледі.
- Етістік дегеніміз не? Сұрақтарын атап, мысал келтір.
- Етістік нешеге бөлінеді?
VII. «Ойлан да, тап!» ойыны
Тапсырма — берілген етістіктерді дара және күрделі түрлеріне ажырату.
| Дара етістік | Күрделі етістік |
|---|---|
| ұшты | ұшып барады |
| күрейді | күреп жатыр |
| сүзді | сүзіп жатыр |
| үйді | үйіп жатыр |