Сұрақ жауап. Сұрақ - жауап

Сабақ тақырыбы

Жол қозғалысы белгілері және оларды қолдану.

Сабақтың мақсаты

  • Реттелетін жол қиылысын сауатты оқуға үйрету, жол белгілерінің мәнін ашу.
  • Жол сызықтарының түрлерін меңгерту және оларға қойылатын талаптармен таныстыру.
  • Жүргізушінің әрекетін, ойлау қабілетін дамыту: қорытынды жасау, проблемалық жағдайдан шығу жолдарын анықтау.
  • Жүргізуші ретінде жолдағы өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ туралы қысқаша

Сабақтың түрі
Ойын түрінде
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
Автомобиль құрылысы, сызу, математика
Қолданылатын жабдықтар
Плакаттар, тапсырма қағаздары, жол қиылысының макеті, оқулық

Сабақ барысы

Сабақ құрылымы оқушыларды тез ұйымдастырып, негізгі ережелерді бекітуге және шынайы жағдайларды талдауға бағытталған.

1) Ұйымдастыру кезеңі

1–2 минут
  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Журнал бойынша немесе топ басшысы арқылы оқушыларды түгелдеу.
  • Оқушыларды 3 топқа бөлу, ойын ережесімен таныстыру және тақырыпқа қызықтыру.

2) Негізгі бөлім

Үш бөлім арқылы білімді тексеру, нақты жағдайларды талдау және макетпен жұмыс жүргізіледі.

Бірінші бөлім: Сұрақ-жауап

1. Егер реттеуші мен бағдаршам бірдей белгі берсе, қайсысына бағынасыз?

Жауап: Жол реттеушіге.

2. Егер жол белгісі мен жол сызықтарының талаптары бір-біріне қайшы келсе, жүргізуші қайсысына бағынады?

Жауап: Жол белгісіне.

3. «Аялдама» белгісі бар жерде тоқтау ұзақтығы қанша уақыт?

Жауап: 5 минут.

4. Бағдаршам жұмыс істеп тұрса, жол қиылысындағы басымдылық белгілерінің күші жойыла ма?

Жауап: Жойылады.

5. Сегіз қырлы жол белгісі қалай аталады және қай топқа жатады?

Жауап: «Аялдамай жүруге тыйым салынады» (STOP), басымдылық белгілеріне жатады.

6. Қарама-қарсы қозғалысқа арналған жолақ жоқ болса, жол қалай аталады?

Жауап: Бір бағытқа арналған жол.

7. Ескерту белгісі қауіпті жерден қанша метр қашықтықта қойылады?

Жауап: Елді мекенде 50–100 м, елді мекеннен тыс жерде 150–300 м.

8. Жол белгілеріндегі жасыл түс нені білдіреді?

Жауап: Белгінің автоарнаға қатысты екенін білдіреді.

9. Автоарнада оқу-жаттығу жүргізуге рұқсат етіле ме?

Жауап: Тыйым салынады.

10. Елді мекен атауы көк фонда жазылса, бұл нені білдіреді?

Жауап: Елді мекеннің негізгі жолдан белгілі бір қашықтықта орналасқанын білдіреді.

Екінші бөлім: Жолдағы проблемалық жағдайлар

1-топ

Қыс кезінде жолақтарды қар басып, бір бағыттағы жолақ санын анықтау мүмкін болмаса, жүргізуші жолақ санын қалай анықтайды?

Жауап: Басымдылық белгілеріне қарап (қарама-қарсы қозғалыстың басымдылығы немесе қарама-қарсы қозғалыс алдындағы басымдылық белгілері арқылы).

2-топ

Жолдың тар бөлігінде жеңіл автокөлікпен келе жатырсыз. Қарсы алдыңыздан тіркемесіз мотоцикл қозғалып келеді. Қандай белгілерге бағынасыз?

Жауап: Қарама-қарсы қозғалыстың басымдылығы немесе қарама-қарсы қозғалыс алдындағы басымдылық белгілеріне.

3-топ

Үйіңізге жақындағанда аулаға кіреберісте «Кіруге тыйым салынады» белгісін көрдіңіз. Не істейсіз?

Жауап: Маршруттық көлік құралдарына ғана ерекшелік берілетінін ескере отырып, басқа кіреберісті таңдаймын немесе жол таңбалары мен белгілеріне қайшы келмесе, кері бұрылып қауіпсіз бағытпен жүремін.

Үшінші бөлім: Жол қиылысында қозғалып үйренейік

Жол қиылысының макеті бойынша әр топқа тапсырма беріліп, сұрақтарға жауап беріледі. Мақсат — реттелетін және реттелмейтін жағдайларда басымдылықты дұрыс анықтау және әрекет ретін дәлелдеу.

1-топ тапсырмасы

1. Жарқылдауық маягін қосқан жүргізуші жол қиылысында қандай көлікке жол береді?

Жауап: Екі көлік құралына да жол береді.

2. Жеңіл көлік жол қиылысынан нешінші болып өтеді?

Жауап: Екінші болып өтеді.

2-топ тапсырмасы

1. Жүк көлігі қандай бағытта қозғалуға тиіс?

Жауап: Реттілігі бойынша соңынан, солға қарай қозғалады.

2. Жолдың қанша жүріс бөлігі бар?

Жауап: Бес жүріс бөлігі бар.

3-топ тапсырмасы

1. Жүргізуші қолымен қандай сигнал беріп тұр?

Жауап: Солға бұрылатынын ескертіп тұр.

2. Жеңіл автомобильдің трамвай жолымен қозғалуына рұқсат етіле ме?

Жауап: Рұқсат етілмейді.

Қорытынды

Үшінші бөлім аяқталғаннан кейін әр топтың жинаған ұпайы есептеліп, жеңімпаз топ анықталады.

3) Оқушылар білімін бағалау

1–2 минут
  • Оқушылардың алған бағасын хабарлау.
  • Сабақ барысында жіберілген қателер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.