Ана тілім - бал тілім

Педагог туралы мәлімет

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі — Жанабаева Шынар Киикбаевна.

Білім беру саласы

Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тіл дамыту

Тақырыбы

Ана тілім – бал тілім!

Мақсаты

  • Туған ел, Отан, Қазақстан Республикасының Рәміздері және ана тілі туралы білімдерін кеңейту.
  • Сөздік қорын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру.
  • Туған тіліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
  • Отанын сүйетін, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдері

  • Әңгімелесу
  • Көрсету
  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Слайд тақтасы
  • Шарлар мен жалаушалармен безендірілген бөлме

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

1) Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Балаларды топқа жинақтап, жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Ән ырғағымен балалар топқа кіріп, дөңгеленіп тұрады.

Шаттық шеңбері

Сәлем, сәлем, Алтын Күн!

Сәлем, сәлем, Жер-ана!

Сәлем, сәлем, Көк аспан,

Сәлем, менің достарым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым бос.

Педагогтің сөзі

Балалар, қане, бәріміз бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

Балалардың тілектері (мысал)

Еліміз аман болсын, аспанымыз ашық болсын, соғыс болмасын, анамыз бен әкеміз аман болсын, балабақшамыз көркейе берсін және тағы басқа ізгі тілектер.

Педагог балаларды мадақтап, орындарына жайғасуын сұрайды.

2) Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

Сұрақ-жауап арқылы білімді бекіту және кеңейту.

Сұрақтар

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз мезгілі неше айдан тұрады? Қандай айлар?
  • Біз қай елде тұрамыз? «Отан» дегеніміз не?

Тапсырма

Отан туралы тақпақтар айту. «Кәне, кім айтады?»

Рәміздер туралы сұрақ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білесіңдер ме? Кәне, кім атап береді?

Маңызды сәт

Балалар орнынан тұрып, қолдарын жүрек тұсына қойып, Әнұранды орындайды. Одан кейін педагог «Жарайсыңдар, отыра қойыңдар» деп сабақ барысын жалғастырады.