Топпен жұмыс Берілген сөздерді өзгертіп жазу
Сабақ туралы мәлімет
- Мектеп
- Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп-гимназия
- Мұғалім
- Абдулова Инеш Хадымқызы (бастауыш сынып мұғалімі)
- Пән / Сынып
- Қазақ тілі, 2-сынып
- Тақырып
- Сөз және оның құрамы
- Сабақ түрі
- Жаңа білім негіздерін меңгерту, оқып-үйрену сабағы
- Әдіс-тәсілдер
- Топтастыру, ой қозғау стратегиялары, сұрақ-жауап, көрнекілік
- Көрнекіліктер
- Кесте, суреттер, парақшалар, сауалнама
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Сөздің мағынасы туралы түсініктерін кеңейту арқылы сөз және оның құрамы жөнінде алғашқы ұғымдарын қалыптастыру. Сөз тек дыбыстардан ғана емес, басқа да бөлшектерден құралатындығын ұғындыру.
Дамытушылық
Сөздік қорын молайту, ойын жатық сөйлемдермен жеткізе білуге дағдыландыру, сауатты әрі көркем жазуға үйрету.
Тәрбиелік
Салауатты өмір салтын сақтауға, адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Сөз және оның мағыналары» тақырыбы бойынша білімді бақылау мақсатында сұрақтар қойылады (топтастыру стратегиясы).
- Сөз дегеніміз не?
- Мәндес сөздер дегеніміз не?
- Қарама-қарсы мағыналы сөздер дегеніміз не?
- Әр түрлі мағыналы сөздер дегеніміз не?
Жауап берген оқушылар бағаланады.
III. Жаңа сабақ
Оқушыларға «сөз және оның құрамы» туралы түсінік беріледі: сөз тек дыбыстардан емес, басқа да бөлшектерден құралады.
1-жаттығуды талдау
- Мәтіні жазылған плакат тақтаға ілінеді.
- Мәтінде «Алматы» сөзі 7 рет кездесетіні анықталады.
- «Алматы» сөзіне дыбыстық талдау жасалады.
- 7 санының киелі сан екендігі туралы қысқаша айтылады.
1) «Тез өзгерт» ойыны
Шарты: әр топқа бір сөз жазылған парақша беріледі. Топтар сөзді өзгертіп айтып шығады.
- I топ
- Нұрлы
- II топ
- Әлия
- III топ
- Алма
2) Оқулықпен жұмыс
- 3–4 оқушы ережені дауыстап, қайталап оқиды.
- 2-жаттығу: жақша ішіндегі сөздерді өзгертіп, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Нанды жерге тастама, басуға болмайды.
Ас атасы — нан, онсыз өмір жоқ.
Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады.
Жерде жатқан нанды алып қой.
3) Өзіндік жұмыс
Көзіңді қолыңмен сүртпе.
Кітапты жатып оқыма, көзің ауырады.
4) Дәптермен жұмыс
5-жаттығу: мақал-мәтелдерді көшіріп жазу.
Шын ер жеңсе, тасымас, жеңілсе, жасымас.
Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.
Ердің атын ел шығарар.
5) Топпен жұмыс
Берілген сөздерді өзгертіп жазу.
I топ
қала, бала
II топ
білім, терезе
III топ
оқу, мектеп
IV топ
тапсырма бойынша
IV. Қорытынды (сауалнама)
Сабақты бекіту үшін сауалнама жүргізіледі.
-
1. Сөз неден құралады?
- A) дыбыстан
- Ә) буыннан
- Б) екі сөзден
- В) сөйлемнен
-
2. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?
- A) силықтың
- Ә) сыйлығ
- Б) сыйлықтың
- В) сыйлықтің
-
3. Дұрыс құрылмаған сөйлемді белгіле.
- A) Ауылда тұрамыз біз.
- Ә) Біздің үй тауға жақын.
- Б) Мұғалім тапсырманы тексереді.
- В) Менің атым — Есет.
-
4. Сөйлемді керекті сөзбен толықтыр.
Кәмшаттың құрбысы _____ келді.
- A) Астаналар
- Ә) Астанасы
- Б) Астанадан
- В) Астананың
V. Үй тапсырмасы
- Ережені жаттау.
- 3-жаттығу.
VI. Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.