Есімшенің септелуі
Қазақ тілі • 10-сынып
Зеректік. Есімшенің септелуі
Бұл сабақта оқушылар мәтін мазмұнын түсініп, қазіргі технология жаңалықтары туралы өз ойын айтуға дағдыланады және есімшенің септелуін меңгереді.
Оқу мақсаты
Мәтін мазмұнын түсіндіре отырып, қазіргі технология жаңалықтары туралы пікір айтуға үйрету; есімшенің септелуін меңгерту.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
- Мәтін бойынша сұрақ қойып, жауап береді.
- Септік сұрақтары мен жалғауларын біледі.
Оқушылардың басым бөлігі
- Мәтін мазмұнын өз сөзімен айтып береді.
- Есімшені септей алады.
Кейбір оқушылар
- Тақырып бойынша пікір білдіріп, ой қосады.
- Сөйлем ішінен есімшені тауып, талдайды.
- Есімшенің жасалу жолын түсіндіреді.
Тілдік мақсат
Оқушылар ойларын жүйелі жеткізеді, салыстырады және дәлелдейді.
Негізгі сөздер мен тіркестер
Талқылауға арналған ұғымдар
- етістік
- есімше
- септік
- септік жалғаулары
Диалог пен жазылымға пайдалы тілдік бірліктер
Сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Жазылымда сауатты жазуға және үндестік заңын сақтауға назар аударылады.
Сұрақ үлгілері
- Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?
- Жаңа технологияларды енгізуде адам табиғаттан нені үйренді?
Алдыңғы оқу
- Етістіктің шақтары
- Салт-дәстүрлер
Сабақ барысы
Басталуы: ұйымдастыру және қызығушылықты ояту
-
1
«Досқа лебіз» тренингі
Оқушылар бір-бірінің атының басқы әрпіне сын есім қосып айтады. Мысалы: «Ақылды — Артем».
-
2
Топқа бөлу және ереже
Оқушылар топқа бөлініп, топ ережесімен танысады.
-
3
Миға шабуыл
«Адам табиғаттан нені үйренді?» сұрағы бойынша ой бөлісу. Слайд арқылы мысалдар келтіріледі: инелікке қарап тікұшақ, құстарға қарап ұшақ жасау және т.б.
Нақтылау сұрағы
«Өрмекші торына қарап адам нені үйренуі мүмкін?»
Жаңа сабақ: мәтінмен жұмыс
Мәтін
Ы. Алтынсариннің «Зеректік» әңгімесі
-
1
Топта оқып, талқылауға 3 минут беріледі.
-
2
Топтар бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.
-
3
Берілген сөйлемдерге сұрақ ойлап, сұхбат құрастырады (сынып болып талқылау).
Грамматикалық бөлім: есімшенің септелуі
«Сонымен алғашқы аспалы көпір туралы ойды Броун өрмекші торына қарап ұққан.»
Ұққан — есімше.
Түсіндіру
- Есімшенің анықтамасы мысалдар арқылы түсіндіріледі (кестеге сүйену).
- Жасалу жолы көрсетіледі.
- Есімше септеледі, тәуелденеді, жіктеледі.
Топтық тапсырмалар
- Септіктерді сұрағымен бірге жазады.
- Берілген есімшені септейді.
- Септік жалғауын бөліп көрсетеді.
- Есімшесі бар бір сөйлем құрастырады.
Бағалау: тапсырма критерийлері бойынша өзара бағалау жүргізіледі.
Жалпы бағалау шкаласы
9–10 жұлдыз
«5»
7–8 жұлдыз
«4»
5–6 жұлдыз
«3»
Мұғалім туралы мәлімет
- Мұғалімнің аты-жөні
- Тауханова Д. А.
- Тақырып
- Зеректік. Есімшенің септелуі