Алғашқы қазақ хандығының аумағы
Сабақ тақырыбы
Қазақ хандығының құрылуы
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдіс
Интерактивті
Көрнекілік
Карта, слайд, плакат
Сабақтың мақсаттары
Білімдік мақсат
Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы және алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру.
Дамытушылық мақсат
Тарихи құжаттарды оқу арқылы оқушылардың қазақ хандығын құру туралы өз пікірін білдіруіне және мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсат
Қазақ мемлекетін құрған хандардың іс-әрекеттері негізінде оқушыларды ұлттық-патриоттық тәрбиеге баулу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралдарын тексеру және түгелдеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Төмендегі сұрақтар өткен материалды қайталауға және талдауға бағытталған.
- Қазақ хандығының құрылуы қай мемлекеттердегі саяси оқиғалармен байланысты?
- Әбілхайыр хандығындағы басым көпшілік тайпа қайсы?
- Әбілхайыр хандығын әлсіреткен Сығанақ түбіндегі шайқас кімдермен болды?
- Рузбихан дерегі бойынша Өзбек ұлысындағы негізгі тайпалар қайсы?
- XIII ғасырда «қазақ» атауы қандай мағынада қолданылды?
- Моғолстанда 1433–1462 жылдары билік жүргізген Шыңғыс ханның қай ұрпағы?
- Моғолстан туралы жазған шежіреші кім және оның еңбегі қалай аталады?
- Моғолстан ханы Есенбұғаның қазақ сұлтандарына қолдау көрсетуінің себебі неде?
- Әбілхайыр хандығы туралы жазылған шығарма қалай аталады?
- 92 ру-тайпадан тұратын мемлекет қайсы?
III. Жаңа сабақ жоспары
1-тақырып
Хандықтың негізін қалаушылар: Жәнібек пен Керей
2-тақырып
Алғашқы қазақ хандығының аумағы
3-тақырып
Халқының этникалық құрамы
4-тақырып
Көрші елдермен қарым-қатынасы
Алғашқы хандар (қысқаша анықтама)
| Хан | Шыққан тегі | Билік еткен жылдары | Ескертпе |
|---|---|---|---|
| Керей хан | Болат сұлтанның ұлы, Орыс ханның шөбересі | 1465–1474 | Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі |
| Әз-Жәнібек хан | Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі | 1474–1480 | Қазақ мемлекеттілігін нығайтуға үлес қосты |
| Бұрындық хан | Керей ханның ұлы | 1480–1511 | Хандықтың орнығу кезеңі |
| Қасым хан | Әз-Жәнібек ханның ұлы | 1511–1518 | Хандық қуаты күшейген кезең |
| Момыш хан | Қасым ханның ұлы | 1518–1523 | Келесі өтпелі кезең |
| Тайыр хан | Әдік сұлтанның ұлы | 1523–1533 | Ішкі-сыртқы қиындықтар күшейген уақыт |
| Бұйдаш хан | Әдік сұлтанның ұлы | 1533–1538 | Жетісу өңірін басқарған |
IV. Сабақты бекіту
- Жәнібек пен Керей кімнің ұрпақтары?
- Қазақ хандығы қай жерлерде құрылды?
- Қазақ хандығы қашан құрылды?
- Қазақ хандығының этникалық құрамы неліктен үнемі толығып отырды?
- Қазақ хандығы қандай елдермен қарым-қатынас жасады?
Ойын: «Сандар жәрмеңкесі»
Екі топқа жылдар жазылған парақтар таратылады. Әр топ өзіне берілген сандардың тарихи мағынасын түсіндіріп, қорғайды. Бір топ «жәрмеңкеге» шыққанда, екінші топтан бір оқушы «сатып алушы» рөлін атқарады. Егер сатып алушы жауапқа қанағаттанбаса, қарсы сұрақ қоя алады. Кейін топтар рөл ауыстырады.
Жылдар
1465–1466 жж.
Жылдар
1465–1474 жж.
Жылдар
1474–1480 жж.
Жылдар
1480–1511 жж.
Жылдар
1511–1518 жж.
Жылдар
1521 ж.
Сан
200 мың
Сан
300 мың
Жылдар
1462 ж. / 1468 ж.
Ойын: «Адастырмай жол көрсет»
Бұл ойында жер-су атаулары беріледі. Екі топ оқушылары көрсетілген нысандарды картадан тауып, орны мен тарихи маңызын қысқаша түсіндіреді.
Жер-су атаулары
- Моғолстан
- Шығыс Дешті-Қыпшақ
- Мәуереннахр
- Шағатай ұлысы
- Қозыбасы
Тапсырма
- Картадан көрсету
- Бағдарлау дәлдігін түсіндіру
- Қысқаша тарихи байланысын айту
Дереккөз және автор туралы
«Тарихи деректі таны»
Алматы облысы, Талғар ауданы, Кеңдала ауылы, мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №42 жалпы білім беретін орта мектептің тарих пәні мұғалімі Масимгазиева Мөлдір Ерсайынқызының материалы.
Тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылуы».