Ақмола қаласы

5-сынып

Сабақ тақырыбы: Қазақстан қалалары

Бұл сабақта оқушылар Қазақстан қалаларының тарихымен, сәулет өнерінің көрнекті үлгілерімен және қалалардың мәдени мұра ретіндегі маңызымен танысады.

Сабақтың мақсаты

А) Білімділік

  • Қазақстан қалалары арқылы адамзат мәдениетінің ғажайып көріністерімен, сәулет өнерінің тамаша үлгілерімен таныстыру.
  • Оқушылардың қала туралы жеке түсініктерін тыңдап, ойлау мәдениетін, салмақты сөйлеу қабілетін дамыту.
  • Білім көкжиегін кеңейту.

Ә) Дамытушылық

  • Қалаларды таза ұстау мен көркейтуге үлес қосуға ынталандыру.
  • Қазақстанның кереметтері халықтың ортақ мұрасы екенін ұғындыру.
  • Қоғам дамуына үлес қосатын адал азаматтық көзқарасты қалыптастыру.

Б) Тәрбиелік

  • Ақылды, байыпты ой айтуға және тапқыр сөйлеуге тәрбиелеу.
  • Әртүрлі әдістер арқылы білімге құштарлықты арттыру.
  • Өз бетінше ізденуге баулу, тазалық мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ форматы мен ресурстар

Ұйымдастыру

Сабақтың түрі
Түсіндірмелі сабақ
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап; дамыта оқыту (Л. С. Выготский); деңгейлеп-саралап оқыту; топтастыру әдісі; «Конверт» ойыны.
Пәнаралық байланыс
География, әдебиет

Көрнекіліктер

  • Оқулық, Қазақстан Республикасының картасы
  • Тірек-сызбалар, қосымша кітапшалар
  • «Көне қалалар» энциклопедия жинағы, «Менің елім – Қазақстан» энциклопедиясы
  • «Абылайхан» журналы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, сабаққа назар аударту, оқу құралдарының дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Деңгейлеп үлестірмелі қағаз тарату.
  2. Тест (деңгейлеп-саралап оқыту).
  3. 2–3 оқушыға тақтада орындауға тапсырма беру.
  4. Шығармашылық жұмыс: салт-дәстүр туралы қысқаша мәтін жазу.
  5. Оқушылардан үй тапсырмасын ауызша сұрау.

III. Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабаққа шығу

Үй тапсырмасындағы білімді пайдаланып, сұрақтарға жауап беру арқылы кілт сөзді табу. Нәтижесінде «қала» сөзі шығуы тиіс.

1) Біздің еліміз?

Қазақстан

2) Өз елінен тыс жерде өмір сүретін этностық топ?

Диаспора

3) Қай өзен бойын мекендеген 1 млн-нан астам неміс шығысқа көшірілді?

Еділ

4) Қазақстандағы ұлттың басым көпшілігі кімдер?

Қазақтар

Жаңа сабақтың жоспары

1) Тарихи шолу

Қазақстан қалаларының қалыптасуы, орналасу ерекшелігі және тарихтағы орны туралы жалпы түсінік беріледі.

2) Қалаларға жеке тоқталу

Негізгі қалаларға сипаттама беру, олардың мәдени-тарихи және экономикалық маңызын талдау.

Алматы Атырау Ақтау Ақтөбе Қарағанды Шымкент Түркістан Қостанай Қызылорда Семей

3) Қазақстан туралы деректер

Әкімшілік бірлік
14 облыс
Аудандар
150-ден астам
Қала тектес кенттер
200-дей
Қалалар
90-ға жуық

Түркістан: түркі әлемінің рухани өзегі

Түркістан — түркі халықтарының саяси әрі рухани орталықтарының бірі. Қала төңірегі бау-бақшаға бай, өзендерге жақын, жері құнарлы әрі өмір сүруге қолайлы аймақта орналасқан.

Түркістанда қазақ жеріне сопылық ілімді кең таратқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Ерте кезеңдерде бұл жерге қазақтың көптеген ұлы тұлғалары жерленген.

Тарихи деректер бойынша, Абылай ханды үш жүздің билеушісі ретінде ақ киізге көтеріп, хан сайлау рәсімі осы өңірмен байланысты айтылады.

Бүгінде Түркістан — гүлденіп келе жатқан, тарихи ескерткіштері мол, саудасы дамыған қалалардың бірі.

Тарихи атауларға мысал

Түркістан (Йасы), Тараз, Алмалық (Алматы)

Елорда мәртебесінің өзгеруі (тарихи тізбек)

  1. 1920–1924 жж. — Орынбор қаласы.
  2. 1924–1928 жж. — Қызылорда қаласы.
  3. 1928–1997 жж. — Ақмола қаласы.
  4. 1997 ж. — астана Ақмолаға көшірілді.
  5. 1998 ж. — Ақмола қаласы Астана деп аталды.

Бекіту, үй тапсырмасы және бағалау

IV. Бекіту

«Конверт» ойыны арқылы қайталау: бекіту сұрақтары беріледі, дұрыс жауаптарға ынталандыру сыйлықтары ұсынылады.

V. Үй тапсырмасы

  • Тақырыпты оқу.
  • Өзінің туған қаласы немесе тұратын ауылы туралы шағын әңгіме құрастыру.

VI. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының дәлдігі, тапсырмаларды орындау сапасы және топтық жұмыс белсенділігі негізінде бағалау жүргізіледі.