Қимыл ойыны

Сабақ тақырыбы

«Денің сау болсын» — серуен кезіндегі негізгі қимыл түрлеріне арналған дене шынықтыру сабағы.

Сабақтың мақсаты

Балалардың денсаулығын нығайту, ағзаны шынықтыру, негізгі қимыл түрлерін дамыту.

Билингвальдік компонент

  • құрсау — обруч
  • жалау — флажок

Құралдар

  • құрсаулар
  • доп
  • жалау

Сөздік жұмыс

  • құрсау
  • доп

Шаттық шеңбер

– Сәлем, дейміз, алтын күн.
– Сәлем, дейміз, жер-ана.
– Сәлем, дейміз баршаңа.

Балалар шеңберге жиналып, көтеріңкі көңіл күймен сабақты бастайды.

Әңгіме жүргізу

– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
– Жаз мезгілі.

Жаздың жылы ауа райына сай киініп, серуенге шығатынымыз айтылады.

Жаттығу: «Көңілді жалаулар»

Саптық тәртіпті сақтай отырып, жүру және жүгіру дағдыларын дамытуға бағытталған бөлім.

Назар: арақашықтық сақтау, қатардан шықпау

1) Үлкен адыммен жүру

Шеңбер бойымен бірінің артынан бірі үлкен адыммен жүру.

Сөздік нұсқау: «Көңілді жалаулар келе жатыр».

Б. м.: сапта бірінің артынан бірі жүріп өту.

2) Жалаумен жүгіру

Қолда жалау ұстап, шеңбер бойымен бірінің артынан бірі жүгіру.

Сөздік нұсқау: «Жалаулар желпілдеп келеді».

Б. м.: сапта, арақашықтықты сақтай отырып жүгіру.

Негізгі қимыл түрлері

Қимыл-қозғалысты үйлестіру, дәлдік, тепе-теңдік және секіру техникасын дамытуға арналған тапсырмалар.

1) Құрсаудың ішінен секіру

Құрсаудың ішінен екпін алып секіріп өту.

Б. м.: екпінмен қос қолмен тартылып секіріп шығу.

2) Төрт бұрыш араларымен жүру

Белгіленген төрт бұрыштардың араларынан абайлап өту.

Б. м.: әр төрт бұрышты қозғамай, арасынан өту.

3) Допты нысанаға лақтыру

Кішкентай доптарды 50 см қашықтықта орналасқан нысанаға дәлдеп лақтыру.

Б. м.: нысанаға оң қолмен лақтыру.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Біп-биік боп өседі.

Өлең ырғағымен балалар қимыл жасап, бойын жазып, тынысын қалыпқа келтіреді.

Қимыл ойыны: «Ақ қоян»

Балалар дөңгеленіп, қол ұстасып тұрады. Ортада бір бала — «қоян». Барлығы бірігіп қоянды оятуға тырысады.

Ойын мәтіні

Қояным, қояным,
Ұйқыңнан тұршы.
Бет-қолыңды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Көйлегіңді киін,
Енді бізді қушы!

Өлең аяқталған соң балалар жан-жаққа қаша жөнеледі, ал «қоян» қуып жетуге тырысады.

Рефлексия

Талқылау сұрақтары

  • Балалар, біз бүгін не істедік?
  • Осы жаттығулар мен ойындар не үшін қажет?

Қорытынды ой

Сабақ балалардың қимыл белсенділігін арттырып, денсаулықты нығайтуға, тәртіп пен бірлесіп әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.