Наурыз мерекесін арналған жиынымызға қош келдіңіздер

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы

№100 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі: Сисенбаева Гүлмира Әбдіғаниқызы

Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» (мерекелік кештің сценарийі)

Кіріспе

Жүргізуші

О, жарандар, жарандар,
Бәрін мұнда қараңдар!
Наурыз тойы басталды,
Текке қарап тұрмаңдар!

Жүргізуші

Әуелесін армандар,
Үміті от боп жанғандар.
Бақ дарып, Қызыр қарасын,
Мерекеден қалмаңдар!

Жүргізуші

О, жарандар, жарандар,
Тамашадан қалмаңдар.
Құсқанаты көңілмен,
Жер әлемді шарлаңдар!

Жүргізуші

Оятып шың мен асқарды,
Ерітіп мұз бен ақ қарды,
Нұрландырған даланы —
Наурыз, көктем басталды!

Жүргізуші

Ассалаумағалейкум, барша халық!
Қартқа — құрмет, жасқа — шабыт.
Салты солай Наурыздың,
Ей, адамдар, бауырларша келіңдер, бас қосалық!

Жүргізуші

Көктем сыйы арда емген Ана — күні,
Дүбірлесін думаннан дала гүлі.
Салты солай Наурыздың,
Ей, адамдар, туыстарша тойлайық — Жаңа жылды!

Жүргізуші

Құрметті қонақтар, Наурыз мерекесіне арналған жиынымызға қош келдіңіздер!
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құттықтау және игі тілек

Айжан

Наурыз — ән мен күй, би, достық пен ынтымақ мерекесі. Бұл күні алдағы күндерге арнап ізгі ой, арман-мақсат айтылып, ақ тілектер тіленеді.

Айтуған

Ау, достым, тоқтай тұр. «Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» демекші, алдымен үлкендерге сөз берейік.

Ресми сөз

Бастаса — елдің көсемі,
Сөйлесе — сөздің шешені,
Ақылы асқан абыздай,
Бар түйінді шешенді…
Мектеп директоры — ____________________ ағайға сөз кезегін береміз.

Ән-күй бағдарламасы

Жүргізуші

Шашу, шашу шашайық,
Ән думанға басайық.
Наурыз келді далама,
Жаңа жыл келді ауылыма!

Ән: «Шақырады көктем»

Орындайды: Нүрбеді Гүлжан

Жүргізуші

Бүгін шаттық, бүгін той —
Жаңғырған дәстүр, жарқын ой.
Қыздырған Наурыз мейрамы —
Жиналған жастар сауық қой!

Ән: «Үкілі қыз»

Орындайды: Болатбек Кенжебек

Дәстүр мен көрініс

Тұсаукесер

«Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін» — деп, сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген ізгі ниетпен жасалатын ғұрып әрі ырым. Тұсаукесер көрінісін тамашалаңыздар.

Наурыз көже беру рәсімі

Жиналған мына халыққа
Жыр маржанын шашайық.
Батсын алып қарттардың,
Наурыз көже беру рәсімін жасайық.

Ән: «Қазақы дастарқан»

Орындайды: Жанділда Гүлдана

Ақ бата

Ұсынарын ұрпаққа білетін ізгі ел — сол ізгі елдің ұрпағы мына біздер.
Салты солай Наурыздың, ей, адамдар,
Аталардан ақ бата тілеңіздер.

Тілек пен қорытынды

Жүргізуші

Тәуелсіз, биік халқымның
Желбіреп туы шалқысын.
Әз Наурыз келіп еліме,
Жер-ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр-салтымның
Көзелсін бұлақ жалғасы.
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз — жыл басы!

Орындауында: «Жаса, Қазақстан» — ____________________

Сәулесіндей көрініп таңғы үміттің,
Басын қостық — Наурыз тойы.
Жаса, Наурыз, жарқыра көкте күндей —
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің!

Дастархан халқымның толы берсін,
Бақыт құсы басыңа қона берсін.
Ұлы тойдың төресі — Наурыз тойы,
Жаңа жыл құт-ырысқа тола берсін.

Әр шаңырақ қуанышқа бөленіп, бақытты балалық пен құдіретті даналық қатар жүрсін.

Қорытынды сөз

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты жиынымызды қорытындылау үшін сөз кезегін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карчалова Бақытжан апайға береміз.