Тіл дыбыстары туралы түсінік

Қазақ тілі • 5-сынып Бөлім: Фонетика Тақырып: Тіл дыбыстары

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға фонетика туралы түсінік беру; шығармашылық тапсырмалар арқылы білімін тереңдету; фонетикалық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.

Табыс критерийлері

  • Барлық оқушылар ережені айтып бере алады және шығармашылық тапсырмаларды орындайды.
  • Кейбір оқушыларға арналған жекелей тапсырма қарастырылмады.

Тілдік мақсат

Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді, тапсырмаларды тиянақты орындайды, негізгі ұғымдарды есте сақтайды.

Алдыңғы оқу

«Лексика» тарауы бойынша постер құрастыру.

Сабақ барысы

1) Басталуы

  • Сәлемдесу, түгендеу.
  • Қазақ әліпбиі бойынша топқа бөлу, топ жетекшісін сайлау.
  • I топ: дауысты дыбыстар. II топ: дауыссыз дыбыстар.

2) Ортасы

Жаңа тақырып: Фонетика дегеніміз не?

Фонетика — тіл дыбыстарының жасалу жолдары мен естілуін зерттейтін тіл білімінің саласы. Ол дыбыстардың жасалуы, айтылуы, естілуі, сондай-ақ буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.

Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс бірнеше сөздің құрамында қайталанып қолданылуы мүмкін. Мысалы: мал, тал, қал. Дыбыстар саны бірдей болғанымен, бір дыбыстың өзгеруі сөз мағынасының өзгеруіне әкеледі.

Дауысты дыбыстар

Тек үннен құралады.

Дауыссыз дыбыстар

Жасалуына үн де, салдыр да қатысады.

Оқулықпен жұмыс: «Төрт сөйлем» әдісі (233-жаттығу)

Берілген сөздердің дыбыстарын өзгерте отырып, сөз, сөйлем, мақал-мәтел және тұрақты сөз тіркесін құрастыру.

I топ (дауысты дыбыстар)

Сөздер

Сал, жат, тас.
Сал, тал, мал, жал.
Жат, хат, сат, ат.
Тас, бас, жас, қас, лас, ас.

Сөйлем

Мақпал гүлді суға салды.

Тұрақты сөз тіркесі

Салы суға кетті.

Сөйлем

Асқар әжесіне хат жазды.

Тұрақты сөз тіркесі

Хат-хабарсыз кетті.

Мақал-мәтел

Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.

II топ (дауыссыз дыбыстар)

Сөздер

Тық, қаш, жан.
Тық, шық, сық.
Қаш, шаш.
Жан, нан, сан, қан.

Сөйлем

Айгүл шашын тарады.

Тұрақты сөз тіркесі

Төбе шашы тік тұрды.

Мақал-мәтел

Шаш ал десе, бас алады.

Сөйлем

Балалар үйдің жанында ойнап жүр.

Тұрақты сөз тіркесі

Жаны жай табу.

Мақал-мәтел

Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас.

Жұптық жұмыс: «Сөз ойла, тез ойла» (234-жаттығу)

Берілген сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы мағынасы басқа сөздер жасау: ал, ат, у, ыс, ас.

I топ

  • Ал: ала, алтау, алау.
  • Ат: ата, атау.
  • У: уық, уыс, улы.

II топ

  • Ыс: ыстық, ысқырық, ыссы.
  • Ас: астау, асық, аспан, астық.

Еркін жазу: «Жұлдызды сәт»

Оқушылар музыка ырғағымен өз ойын қағаз бетіне еркін түсіреді.

«Бақыт, қуаныш, молшылық аңсаған арманымызға жеттік.»
Айғаным
«Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Тәуелсіздік күні қырандай қалықтап, күндей жарқырай берсін.»
Мадина
«Біз әлем картасынан ойып орын алатын егемен елміз. Мен өз еліммен мақтанамын.»
Шұғыла
«25 санын көргенде тәуелсіздік алғанымыз есіме түседі. Математика сабағында 5-ті өзіне бес рет қосқанда 25 шығады.»
Сағыныш

Топтастыру

I топ: «Фонетика»

  • Естиміз, айтамыз
  • Буын
  • Екпін
  • Интонация

II топ: «Тіл дыбыстары»

  • Дауысты
  • Дауыссыз
  • Үн мен салдыр
  • Сөйлеу мүшелері

3) Аяқталуы

Рефлексия

«Тапсырма қиын болды, соған қарамастан орындай алдым. Өзіме сенімдімін.»
Сайлаубекова Мадина
«Тапсырмалар қиын болды, бірақ сабақты меңгерген сияқтымын.»
Еркінова Ақбота

Үй тапсырмасы

  • «Өткенге ой жүгірту»: лексика тарауын постер арқылы қорғау.
  • Сұрақ: «Лексика» тарауы бойынша не білеміз?
  • 230-жаттығу: Мауглидің бастан кешкен бір сәті туралы мәтін құрастыру (үлгілі дәптер әдісі).
  • 236-жаттығу: сурет бойынша ертегі құрастыру.

Бағалау

Бағалау «Басбармақ» әдісі арқылы жүргізілді.