Таусылмайтын өлеңім
Фариза Оңғарсынова өлеңі
Айым менің қайда екен -
достарымен тойда екен!
Тойда болса, отырысын -
қолына жүзік толтырсын!
Айналдым Ай - баладан,
тауып алдық даладан:
далада бала жата ма?-
түсіп қалған шанадан!
Жылама, бөпем, қой, бөпем!
Құнан қойды сой сой, бөпем.
Құйрығына той, бөпем,
өзің тойған құйрықтан
әжеңе сақтап қой, бөпем!
Осы бала - Күн бала,
өзі аппақ, гүл бала!
Әлдилесе әжесі,
ұйықтай қалар бұл бала!
Әлди, әлди, бөбегім!
Таусылмайтын өлеңім!
Ұйықтасын деп бөбегім,
өлеңімді төгемін!
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы
Опорный орта мектебі 2 сынып оқушы Маташова Ақжібек
Сынып жетекшісі Шарова Сауле
Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау
Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны
Жұмекен Нәжімеденовпен интервью
Метафора туралы
Өнегелі елдің өнерпаздары
Характер мен жағдайдың байланысы
Тұманбай Молдағалиевтің өмірбаяны
И. Оразбаев поэзиясының шеберлік тұғыры
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР туралы
Нұрлан Оразалин поэзиясының тілі, стилі, поэтикасы
Өтірік өлеңдердің жанрлық сипаты
Ана тілі өлеңім, Тербетеді бөбегін
Қадыр Мырза Әли өлеңіМамырАдам үшін жұбанышМамыр келді шуақты
Тіл - таусылмайтын байлық
Жансүгіровтың Жазғытұрым өлеңімен таныстыру
Оқушыларды Ілияс Жансүгіровтың Көкшетау өлеңімен таныстыру
Жаз өлеңімен бастау
Ескен Елубаевтың өлеңіМонтер ағай келді деБағананың қасына