Қосу мен азайту өзара кері амалдар
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Есеп. Қанша артық?
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Көрнекіліктер
- Слайд
- Оқулық
- Суреттер
- Сандар
- «Бауырсақ» ертегісі
Оқыту әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ–жауап
Сабақтың мақсаты
а) Білімдік
Бірінші заттың екінші заттан нешеуі артық екенін анықтауға үйрету.
ә) Дамытушылық
Оқушылардың ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту, қызығушылығын ояту.
б) Тәрбиелік
Ізденімпаздыққа баулу, сауатты жазуға, өзара ынтымақтастыққа және шапшаң ойлауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық.
Оқушылар
Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Біз көңілді баламыз, Сәлемдесіп аламыз.
Мұғалім
Бүгінгі сабағымыздың мақсат-міндетін айтайық.
Оқушылар
Мақсатымыз – білім алу, Міндетіміз – еңбектену. Еңбектену арқылы Биікке қол жеткізу.
2) Үй жұмысын тексеру
3-есеп. 119-бет. Салыстыр.
6 + 2 = 8
4 + 5 = 9
6 + 3 = 9
3 + 4 ? 6
6 + 4 ? 9
2 + 5 ? 4
3) Қызығушылықты ояту (қайталау)
Таңбалар
+ − =
Сандар
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Қосудың компоненттері
- Қосылғыш
- Қосылғыш
- Қосындының мәні
2 + 1 = 3
Азайтудың компоненттері
- Азайғыш
- Азайтқыш
- Айырманың мәні
3 − 1 = 2
Негізгі ой
Қосу мен азайту — өзара кері амалдар.
Қосудың қасиеті
Ауыстырымдылық қасиет: қосылғыштардың орындарын ауыстырғанда қосындының мәні өзгермейді.
4) «Кері амалды тап» ойыны
Берілген қосындыға сәйкес кері амалды (азайтуды) тап.
2 + 3 = 5
5 − 3 = 2
3 + 3 = 6
6 − 3 = 3
4 + 3 = 7
7 − 3 = 4
5) Ертегі арқылы сабаққа кіріспе
Сұрақ
Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Қандай ертегілерді білесіңдер?
«Бауырсақ» ертегісінен үзінді
Ерте заманда ата мен әже өмір сүріпті. Бір күні ата: «Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берші», — дейді. Әже: «Үйде ұн жоқ қой», — деп жауап береді. Сонда ата қаптың түбінде аздаған ұн барын айтып, соны алып бауырсақ пісіруін өтінеді. Әже келісіп, ұн илеп, бауырсақты пісіре бастайды.
Әжеміз бауырсақ пісіргенше, біз бүгінгі тақырыпты меңгеріп алайық: «Есеп. Қанша артық?»
6) Тақтамен жұмыс
Күннің жадын және тақырыпты дәптерге жазу.
1-есеп
Оқы. Есепті шығар.
Бірінші бумада 6 кітап, ал екінші бумада 4 кітап бар. Бірінші бумада неше кітап артық?
І бума
6 кітап
ІІ бума
4 кітап
Шешуі
6 − 4 = 2
Жауабы
2 кітап артық.
Ереже: «Қанша артық?» сұрағына жауап беру үшін әдетте азайту амалын қолданамыз.