Саусақтарың әйбат, Былай - былай ойнат
Сабақтың тақырыбы
Саяхатқа дайындалу. «З» дыбысы мен әрпі (1-сынып).
Оқу мақсаттары
1.3.6.1
Мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін құрастырып, жай сөйлемдермен жазу.
1.2.4.1
Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес және көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
Жаңа білімді меңгереді.
Оқушылардың көпшілігі
Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбір оқушылар
Алған білімін өмірде қолдана алады.
Алдыңғы оқу
Саяхатқа дайындалу. «Ө» дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Басы
Жылулық шеңбері
Бала, бала, балапан,
Қане, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінейік. Бұл — өте тамаша әрі қуанышты сәт.
Ортасы
Оқулықпен жұмыс
Мәтін
Асылбек сурет салып отыр еді. Желдеткіштен маса ұшып кірді. Маса бөлме ішінде ызыңдап ұшып жүрді. Ол Асылбектің қолына қонып, шағып алды. Асылбек қолын шапалақтап шарт еткізіп еді, маса ұшып кетті.
Өлең
Шағып алды адамды,
Ауыртады тызылдап.
Үйдің іші қараңғы,
Масалар жүр ызыңдап.
Сұрақ
Маса қандай дыбыс шығарады?
Жаңа тақырып
«З» әрпі«З» дыбысымен танысамыз. Дыбысты созып айтып көрейік:
зу-зу-зу — …
жазу
зы-зы-зы — …
қозы
зе-зе-зе — …
терезе
ұз-ұз-ұз — …
тұз
үз-үз-үз — …
күз
Дыбысты бекітуге арналған сөйлемдер
- за-за-за — Ауа қандай таза.
- аз-аз-аз — Келді, міне, жаз.
- ыз-ыз-ыз — Анар жақсы қыз.
№1. Оқылым
Сөздік жұмыс№2. Сурет және тірек сөздер арқылы ертегі құрастыр
Шығармашылық жұмысТірек сөздер:
Дәптермен жұмыс
Жазылым
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
«З» әрпінің жазылуын ауада және тақтада көрсету.
- «З» әрпінің пішіні қай санға ұқсайды? (Салыстыру.)
- «З» әрпін ауада жазып көру.
- Жазу жолына з әрпін және З әрпін (үлгі бойынша) жазу.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс
Тарсылдатпай еденді,
Орнымыздан тұрып ап,
Жүгірейік бір уақыт.
Бір, екі, үш — бір, екі, үш.
Аяқты алға созайық,
Тік көтеріп қозғайық.
Тымсылбыр да болмайық,
Алға қарай озбайық.
Бір, екі, үш — бір, екі, үш.