Сабақ жоспарымен таныстыру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

«Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбы бойынша «Ондық бөлшектер әлеміне саяхат» атты бекіту сабағы.

Сабақтың түрі

Қайталау және білімді бекіту сабағы.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Деңгейлік тапсырмалар
  • Кестелер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Өткен материалды қайталау арқылы оқушылардың алған білімдерін жаңғырту, оларды практикада қолдану дағдыларын жүйелеу және тиянақтау.

Тәрбиелілік

Оқушыларды білімді, дарынды және озық болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Жарысуға ынталандыру, жеңіске ұмтылу мәдениетін қалыптастыру және теориялық білімді практикада жүйелі қолдану шеберліктерін дамыту.

Сабақтың барысы

Жоспар

  1. 1 Ұйымдастыру.
  2. 2 Сабақ жоспарымен таныстыру.
  3. 3 Қайталау: «Математикалық домино».
  4. 4 БиС технологиясын қолдану.
  5. 5 Сәйкестік тесті (жұптық жұмыс).
  6. 6 Деңгейлік тапсырмалар (жекелей жұмыс).
  7. 7 Қызықты тапсырмалар.
  8. 8 Ой түйін: қорытындылау.

Кезеңдер бойынша жұмыс

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын тексеру.

II. Сабақ мақсатымен таныстыру

Сабақ барысында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы бойынша жұмыс жасалатыны түсіндіріледі.

III. Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау мақсатында «Математикалық домино» әдісі қолданылады.

IV. БиС технологиясын қолдану

Өткен сабақтағы теориялық білімді практикамен ұштастыра білу деңгейі тексеріледі.

V. Сәйкестік тесті (жұптық жұмыс)

Жауаптар тақта арқылы тексеріледі.

VI. Деңгейлік тапсырмалар (жекелей жұмыс)

Ынталандыру

Тапсырма толық әрі дұрыс орындалса, әлемдегі ең кішкентай жануар туралы қызықты ақпарат ұсынылады.

Теңдеу

Теңдеуді шеш:

128,3 − (X + 3,4) = 4,9

Егер теңдеудің шешімі дұрыс табылса, ең жылдам сүтқоректі жануардың сағатына шаққандағы жылдамдығы анықталады.

VII. Қызықты тапсырмалар

Ондық бөлшектерге амалдар қолдануға арналған логикалық және танымдық тапсырмалар орындалады.

Ой түйін: қорытындылау

Ондық бөлшектегі үтірдің маңызы

Бөлімде қанша нөл болса,
Цифр бар сонша алдымда.
Жетпесе егер цифрың,
Алдына сонша нөл тіркеп,
Жеткізіп жазу қолыңда.

Сұрақ: ондық бөлшектегі үтірдің маңызы қандай?

Үтірдің «қасиеті» туралы

Мен үтірмін, үтірмін,
Жаралғаннан бүкірмін.
Тыңдап алшы дұрыстап,
Қасиетін үтірдің.
Бүтін санның соңында,
Көрінбей де тұрамын.
Нөл тіркесең бүтінге,
Лезде пайда боламын.

Талқылау: ондық бөлшек жазылуында үтірдің орны қалай анықталады?

Негізгі ережелерді қайталау

  • Ондық бөлшектерді қосу және азайту ережелері.
  • Ондық бөлшектерге амалдар қолдану (қайталау және бекіту).