Құрақ құрау қай елдің өнері
Еңбекке баулу (3-сынып)
- Сабақтың тақырыбы
- Құрақ құрау (айрис фолдинг)
- Сабақ түрі
- Аралас
- Сабақ типі
- Жаңа білімді меңгеру
- Пәнаралық байланыс
- Сурет, сызу, математика
- Сабақ әдістері
- Түсіндіру, сарамандық жұмыс, СТО стратегиялары
- Қажетті құралдар
- Қайшы, түрлі-түсті қағаз, желім
Сабақтың мақсаттары
1) Білімділік
Құрақ түрлерімен таныстыру, құрақты өз бетінше құрастыруға үйрету және дайындау жолдарын меңгерту.
2) Тәрбиелік
Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке және ата-баба салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Заманауи құрақ түрлерін меңгерту.
3) Дамытушылық
Сабаққа қызығушылықты арттыру, өздігінен ойлау қабілетін дамыту, теорияны тәжірибеде қолдануға және практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал ету.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуды тексеру.
- Еңбек құралдарының толықтығына көз жеткізу.
- Назарды сабаққа шоғырландыру.
II. Психологиялық дайындық
“5” болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер, білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
III. «Сиқырлы қақпа» ойыны
Қайталайық және жаңа сабаққа өтейік.
- 1 «Құлып» сұрағы: ою-өрнектер қандай әшекейлеу мақсатында қолданылады?
- 2 Ұлттық қолөнер түрлеріне нелер жатады?
- 3 Мата қиындыларынан нелер жасауға болады?
Жаңа сабақ: құрақ құрау
Қысқаша түсінік
Қолөнер біздің елімізде ертеден жақсы дамыған. Шеберлер табиғатпен үндестіре отырып, түрлі құрақ үлгілерін құрастырған.
ХХ ғасырда тігіншілік өнері қайта жанданып, соның ішінде құрақ құрау дәстүрі жаңғырды. Қазіргі таңда бұл өнерге ерекше көңіл бөлінеді.
Өрнек — түр-түсі мен геометриялық пішіні әр алуан мата қалдықтарын үйлестіріп құрастыру арқылы алынатын сәндік бейне.
Қандай бұйымдар жасауға болады?
Әр түрлі геометриялық фигураларды қиюластыра отырып, жастық, көрпеше, өрнекті панно, сондай-ақ сәндік сөмкелер тігуге болады. Қазақ қолөнерінде жиі қолданылған шикізаттың бірі — мата. Халық шеберлері матаның табиғи қасиеттерін ескеріп, оны тұрмысқа әрі сәнге жарата білген.
Тұрмыстағы құрақ түрлері
- Көрпеше құрақ
- Жастық құрақ
Композиция құруда пішін мен түстің үйлесімі негізгі рөл атқарады.
Әлемдік атаулары
- Лоскутная техника — орыс халқында (көрпе, төсеніш, жастық).
- Patchwork — Еуропада кең тараған атау.
- Sashiko — жапон халқындағы дәстүрлі түрі.
-
Iris folding — Голландияда қолданылатын атау.
Мағынасы: түрлі-түсті қатарластыру.
Айрис фолдингке қажетті құралдар
Түстердің мәні
Құрақ құрауда ең алдымен көзге түсетіні — түстердің үйлесімі. Әр түстің өзіндік ерекшелігі мен мән-мағынасы бар:
- Көк
- Аспан
- Сары
- Ақыл, парасат
- Қызыл
- Күннің көзі, от
- Жасыл
- Жастық, жақсылық, көктем
- Қоңыр
- Жер
- Ақ
- Ақиқат, қуаныш, бақыт
Сарамандық жұмыс
Тапсырма
Әр топқа шаблон және шаблон парақшасы таратылады. Оқушылар үлгі бойынша айрис фолдинг техникасымен құрақ құрастыруға кіріседі.
Сергіту сәті (тренинг)
Бес саусағым — бес өнер,
Он саусағым — он өнер.
Досым болсаң егер сен,
Өнерімді көре бер.
Саусақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Құрмет тұтып шеберді,
Шебер болар ма екенсің!
Бекіту сұрақтары
- 1. Бүгін өткен құрақ түрінің атауы қандай?
- 2. Бүгін қандай жұмыс жасадық?
- 3. Жапсырмалау техникасы қалай аталады?
- 4. Айрис фолдинг қай елдің өнері?
- 5. Құрақ құрау қай елдің өнері?
- 6. Айрис фолдинг, сашико, лоскутная техника, құрақ құрау — бұлардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?
Бағалау және қорытынды
Бағалау
Оқушылар топ бойынша өзара талқылап, өзін-өзі бағалайды.
Қорытынды ой
Бауыржан Момышұлы айтқандай:
«Үлгісі көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп.
Үйренгенің өзіңе құт, істегенің еліңе құт.
Ою-өрнек, құрақ құрау — қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі».
Үй тапсырмасы
Екі түсті қолдана отырып, құрақ көрпенің жобалық суретін салыңыз.