Қос сөз қатысқан жұмбақ жазыңдар

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пәні

Қазақ тілі (4-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Қос сөздер

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, ана тілі

Сабақ әдістері

Түсіндіру, әңгімелеу, ойын түрлерін талдау, жинақтау.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сөйлем ішінен қос сөздерді табуға және олардың түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық

Ауызша және жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеу қабілетін арттыру.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа және сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
  2. Психологиялық тренинг:

    Біз балдырған баламыз,

    Құстай қанат қағамыз.

    Дүниені аралап,

    Оқып, білім аламыз.

  3. Суреттер арқылы топқа бөлу:
    • I топ: Ақшақар тобы
    • II топ: Аяз ата тобы
    • III топ: Аққала тобы

Сабақтың сюжеті: «Мұз шаһарына саяхат»

Мұғалім: Оқушылар, қандай мереке жақындап келеді?

Оқушылар: Жаңа жыл мерекесі.

Ендеше, бізді Мұз ханшайымы жаңа жылдық кешке шақырады. Мұз шаһарына жету үшін бірнеше кедергіден өтуіміз керек. Бұл сапарда бізге біліміміз көмектеседі. Сәттілік!

1-кедергі

Үй тапсырмасы

2-кедергі

Жаңа тақырыппен танысу

3-кедергі

Жаттығу жұмыстары

4-кедергі

Топтық жұмыс

II. 1-кедергі: Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырма: 26-жаттығу, 101-бет.

Қайталау сұрақтары

  • Күрделі сөз дегеніміз не?
  • Күрделі сөздер қалай жасалады?
  • Біріккен сөз деп қандай сөздерді айтамыз?
  • Мысал келтіріңдер.

III. 2-кедергі: Жаңа тақырыппен танысу

Дәптермен жұмыс: күннің жадын және тақырыпты жазу: «Қос сөздер».

Мұғалімнің сөзі

Бүгін біз күрделі сөздің бір түрі — қос сөздермен танысамыз. Мақсатымыз: сөйлем ішінде қос сөздерді табу және олардың түрлерін ажырата білу.

Ереже

Екі сөздің қосарлануынан жасалған күрделі сөздер қос сөздер деп аталады. Жазуда қос сөздің арасына дефис (-) қойылады.

мая-мая әке-шеше көре-көре құрал-сайман

Көркем жазу

Тт Тт — дауыссыз қатаң дыбыстарды дұрыс жазуға жаттығу.

IV. 3-кедергі: Жаттығу жұмыстары

Кітаппен жұмыс: 34-жаттығу (өлең)

Қора-қора қой жатыр,

Қарын-қарын май жатыр.

Түйе-түйе жүн жатыр,

Ауыл-аудан ел жатыр.

Тапсырма: өлең жолдарынан күрделі сөздерді тап және олардың қалай жасалғанын байқа.

Қорытынды: түбір сөздердің қайталанып айтылуынан жасалған.

28-жаттығу (мақал)

Тапсырма: мақал-мәтелді оқып, жатқа жаз.

Көре-көре көсем боларсың,

Сөйлей-сөйлей шешен боларсың.

Сұрақ: қандай өзгеріс болды? Жауап: түбірдің қайталануы арқылы жасалған.

29-жаттығу (дәптермен жұмыс)

Тапсырма: қос сөздерді оқып, көшіріп жаз.

биік-биік ыдыс-аяқ кіп-кішкене көйлек-көншек анда-санда қарқ-қарқ жап-жасыл

Қосымша: қос сөздердің құрамындағы сөздерге назар аудар. Өзің таңдаған қос сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрастыр.

30-жаттығу (тақтамен жұмыс)

Тапсырма: қарамен жазылған сөздерді қос сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

  • Балалар қардан аққала жасап ойнап жүр.
  • Үсті-бастары қар.
  • Биік таулар алыстан көз тартады.
  • Айгүлдің шашы желмен желп етті.
  • Жанат бұған қуана келісті.

V. 4-кедергі: Топтық жұмыс

Ескерту: әр топқа А3 қағаз және маркер таратылады.

I топ

Қос сөз қатысқан мақал-мәтел жазыңдар.

II топ

Қос сөз қатысқан жұмбақ жазыңдар.

III топ

Қос сөздің сыңарын тауып жазыңдар.

анда — ... күте — ... сылдыр — ... жауын — ... рет — ... кезек — ...

Жеке оқушылармен жұмыс

Кеспе қағаздар таратылады.

Сергіту сәті

Оқушылар сергіп, қысқа жаттығулар жасайды.

31-жаттығу

Кестеге қарап, түсіндір.

Дайындаған

Балтаева Б.