Теңдеу шешу тәсілін меңгеру
Бастауыш сынып мұғалімі
Алимкулова Қымбат
Сабақтың тақырыбы
Теңдеу және оны шешу тәсілдері
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Теңдеу ұғымын танытуды жалғастыру: теңдеу — белгісіз саны бар теңдік екенін, ал белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі (яғни шешімі) екенін меңгерту.
Міндеттері
- Теңдеу шешу тәсілдерін меңгерту.
- Теңдеу шешу — теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғындыру.
- Күрделі теңдеулерді шешуде алдымен орындауға болатын бөлігін есептеп алуды үйрету.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар теңдеу шешу тәсілдерін меңгереді.
- Белгісіз санның мәнін табу арқылы теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыруды түсінеді.
- Күрделі теңдеуді шешуде есептелетін бөліктерін алдымен ықшамдап алуды қолданады.
Оқыту модульдері
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологияларды) пайдалану
- Талантты және дарынды балаларды оқыту
- Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
- Оқытуды басқару және көшбасшылық
Әдіс-тәсілдер, ресурстар және дереккөздер
Әдіс-тәсілдер
Құралдар мен көрнекіліктер
- •«Алтын ереже» постері
- •Суреттер
- •A3 формат
- •Түсті қағаздар
- •Түрлі-түсті маркерлер
- •Стикерлер
Дереккөздер
- •Математика, 4-сынып оқулығы
- •Ақпараттық ғаламтор желісі
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру.
Ынталандыру өлеңі
Болам десең – ғарышкер,
Болам десең – дәрігер,
Болам десең – инженер,
Ең керегі – математика.
Математика өмірде –
Бар білімнің патшасы.
Топқа бөлу
Оқушылар конфет арқылы топтарға бөлінеді.
Ереже
Бір-бірін тыңдау, дәлелмен сөйлеу, уақытты тиімді пайдалану және топтық жұмыста жауапкершілік алу.
Үй тапсырмасын тексеру
Шешуі
Жауабы
- Әдебиет 2100
- Көркем әдебиет 3770
- Қалғаны 5630
Жаңа білімді меңгеру
Теория: «Білу»
Еске түсіру және есептеу арқылы жаңа ұғымға кіріспе жасау.
Есеп
(122 + 18) : 70 = Е
Есеп
(64 : 8 + 20) : 7 = Е
Есеп
20 · (26 + 14) : 100 = Ң
Есеп
1 · (30 + 2) − 4 · 4 = Д
Есеп
5 · 4 + 12 = Т
Есеп
400 − 300 − 36 = У
Берілген сандар қатары
«3 таяқша» әдісі
Әр топ тақырыпқа байланысты 1 сұрақ, 1 жауап және 1 идея дайындап, көпшілікке ұсынады.
1 сұрақ
Теңдеу дегеніміз не?
1 жауап
Теңдеу — белгісіз саны бар теңдік. Белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі, яғни теңдеудің шешімі.
1 идея
Теңдеуді шешкеннен кейін міндетті түрде тексеру жүргізу: табылған мәнді теңдеуге қойып, теңдіктің дұрыс екенін дәлелдеу.
Практика: «Түсіну»
№1. Теңдеулерді шешіп, тексеріңдер.
I топ
- x + 20 · 8 = 2600
- x − 560 : 7 = 20000
II топ
- 40 · 6 + x = 9400
- 3090 : 10 − x = 209
III топ
- x · (40 : 4) = 12600
- x : (36 + 64) = 543
IV топ
- (190 − 90) · x = 38600
- 19200 : 10 : x = 10
Практика: «Қолдану»
№2. Алған білімдеріңді қолданып, есептерді шығарыңдар.
I топ
II топ
III топ
IV топ